Қарағай
Дауылы мол дәуірлерді санамай,
Тарих көшін көп өткерген, далам-ай!
Ғасырларды ғасырларға жалғап тұр
Құм Нарынға көрік берген Қарағай!
Тарих тасы қалмас, сірә, шашылып,
Сұлулықты қоймас ешкім жасырып!
Көк тіреген қарағайлар өсіп тұр
Хан Орданың салтанатын асырып!
Ата-бабаң ат ойнатып жүрген жер,
Дәл осында ұзақ өмір сүргендер,
Бағалайды құтты мекен қадірін
Қарағайдың қасиетін білгендер!
Қарағайды егу жұрттың арманы,
Жап-жасыл боп тұрса дейді бар маңы.
Топырақ пен таза суды таңдайтын
Қарағайдың тым ерекше талғамы!
Өседі ол ылди менен дөңесте,
Шақырады шыға келсең белеске.
Қысы-жазы жап-жасыл боп тұрғаны –
Құбылмайтын қасиеті емес пе?!
Жұпар жыры жан-жағына таралған,
Жомарттықтың белгісі боп жаралған
Қарағаймын!
Ақ Жайықтың суы мен
Құм Нарынның құнарынан нәр алған!
Айбатыр Сейтақ,
ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі
Қарағай
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2020
- 2521
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарағай, Қарағай өлеңі, Айбатыр Сейтақ, Айбатыр Сейтақтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді
Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді, Оған айтар мұң - арманым көп еді. Туған жердің қасиеті шығар - ау Гүлдей сұлу талы менен терегі....
Қайың ағашы
Қайың — сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық...
Жасыбай көлі
Тербеліп жасыл бұлттай жасыл айдын, Мұнартып келе жатыр Жасыбайдың. Менмен шың, меңіреу құз, мелшиген тас Қарайды теңірекке шашып айбын....
Төзім жыры
Бүтіннің бәрі тесіліп, Тесіктің бәрі көміліп, Бойшаңның бәрі кесіліп, Толының бәрі төгіліп,...
Қарағай да қайғырып
Қарағай да қайғырып, Суылдайды заманға. Иесінен айрылып, Кездескен берік қамалға. Ақ қайың да дірілдеп, Әлденені күткендей....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.