Сайтқа кіру Тіркелу

Көңіл жас

Көңіл жас

Көңілге қонса құс сезім,
Есіңе түсер, қыз кезің!
Сарғайып жүріп сағынар,
Жаз тұрым, көктем, күз кезің.

Қартаймас көңіл, еш уақытта
Сенеміз мәңгі бір баққа!
Болғысы келер кім дейсіз?
"Бақытсыз адам" бұл шақта.

Сенеміз дәйім жақсыға,
Жақсылық күтсең, жасыма!
Өзіңе нені тілесең,
Тілеп өт соны, қасыңа!

Күн өтер жылжып, жыл келер,
Жыл өтіп, суып күз де енер...
Өткеннің кейін жылуын,
Әсерілеп бізге кім берер?

Қартайдым деме, жас болсаң!
Шаршадым деме, жас қоссаң!
Жасайды екен бұл жүрек,
Тағыда жүзді бас қоссаң!

Ойна да күл де, ән шырқап
Көңілің қалсын бір жырғап!
Өмірде басқа қызық не?
Тірлікте жүрсең құр - құрлап..

Көңілің жаста - жүрек жас,
Алдыға қарай қадам бас!
Мүмкіндік шексіз болмаса,
О баста "адам" жаралмас!

Әсел Исова
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×