Сайтқа кіру Тіркелу

Ауылым

Ауыл деген қандайды!
Соғып жүрмін таңдайды!
Тілегі бар таусылмас,
Тіреп барсаң маңдайды.

Құрақ ұшқан қалың жұрт,
Құшағына «жалмайды».
Қазандыққа ас пісіп,
Танауды исі алдайды.

Керілген керім келіндер,
Қабағыңды аңдайды.
Келгеніңде ашығып ,
Жөндеп жүрер жағдайды.

Алқалы жұрт төрде отыр,
Дұғаларын арнайды.
Айына бір бармасам,
Сағынышым жалмайды.

Ауылым, менің асылым,
Ойымнан атың қалмайды,
Болмасын сыр жасырын,
Жырымды саған арнаймын.

Ауылымсыз мен байғұс,
Бақытсыз құр жандаймын.
Шақырып сен тұрғанда,
Сені іздеп қалай бармаймын.

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×