Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатыр. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ. Әрбір оқу тәмамдаған жас түлектердің басты мақсаты еліміздің ең беделді жоғарғы оқу орындарына, соның ішінде әлемнің ең үздік 150 университеттерінің қатарына енген Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу. Өз кезегінде де біздің де арман, мақсатымыз осы болған. Қазіргі біздің сферамыз білім саласы болғандықтан «Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында қарастырғымыз келіп отыр.
Бүгінгі таңда адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын педагогикалық аспектіде зерттеу өзектілік танытып отыр. Өйткені адам интеллектісінің тіл білімі (танымдық тіл білімі, психолингвистика, лингвомәдениеттаным) аясында педагогика ғылымымен тоғыса зерттелуі кешенді түрде, жаңа заман ағымы мен ғылым талаптарын негізге ала отыра іске асырылуда. Екіншіден, бәсекеге қабілеттілікті талап ететін дәуірде адам туралы ғылымды үнемі жаңғыртып отыру керек. Дүниежүзілік жаһандану үдерісі жаратылысымызда адамға ғана тән интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді жасанды интеллект арқылы дамытуда. Әлемде бұрын - соңды ешкімнің ойына келмеген ғылыми - технологиялық төңкеріс белең алуда. Осы жағдай адам өмірін ұтқырлыққа, ақпараттық ағымға, әлемдік бәсекелестікке және т. б. осындай көптеген қоғамдық факторларға бағынышты етіп отыр. Қалай айтсақ та, адам интеллектісі (ой, сана, ақыл, парсат, білім, дарын және т. б.) – саналы тіршілігіміздің басты тірегі, ал бұл – ел болашағының көрінісі және ұрпағымыздың интеллектуалдық әлеуетінің маңызды шарттары.
Интеллект – адам миының қызметі, ақылының қолданылуы кезінде, танымдық - логикалық үдерісте, қоршаған ортада тіршілік ету барысында жиналған білім - тәжірибені пайдалануда, іске асыруда көрініс табатын ұғым - белгі. Интеллектінің мәнін бір ғана ғылыми бағытта айқындау мүмкін емес.
Әлеуметтік интеллект – адамның қарапайым тіршілікте өзіне қажетті орнын таба білу және кез келген уақытта өмірлік бағыт - бағдарын өзгерте алу қабілеті. Мәселен, біз өмірде бала немесе ересек, оқытушы немесе студент, басқарушы немесе оның қарамағындағы жұмысшы бола аламыз. Кей кездері кім болатынымызды өзіміз таңдай аламыз, кейде біз үшін біреу таңдайды. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адам – өзінің қоғамдағы орынын лайықты таңдай білетін, өмірлік бағытын дұрыс басқара алатын адам. Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан - жақты зерттелді. Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез - құлқын адекватты түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді. Ол қазіргі заманда сұранысқа ие педагог - психолог мамандарға кәсіби тұлғааралық өзара әрекетті орнатуда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік интеллект, эмоционалды ашықтық, шынай педагогикалық ізгілік, әлеуметтік - кәсіби жауапкершілік, ерікті батыл әрекеттерге қабілеттілік, коммуникативтілік педагог - психолог тұлғасының кәсіби маңызды сапаларына жатады.
Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болуы болып табылады. Бұл жауапкершілік конструктивті іс - әрекеттің, субъект белсенділігінің, оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.
Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін эксперименттік - педагогикалық зерттеудің үш деңгейі «бейімделушілік» феномені негізінде қарастырылуы қажет және олар былай көрініс береді, олар:
тұлғалық – бейімделу міндетін жүзеге асыруға көмектесетін балалардың тұлғалық әлеуметтік - психологиялық әлеуетінің көрінуі.
әлеуметтік – баланың мүмкін бейімделу белсенділігін айқындауға көмектесуші әлеуметтік - коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін сипаттау.
Психологиялық – тұлғаның әлеуметтік - психологиялық бейімделунің қалыптасуының даралық - әлеуметтік диспозициялар жүйесінің айқындалуы. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез - құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс - әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.
Қорытындылай келе, қандай сала болмасын, өміріңізде қандай жағдай болмасын, тұлға болып қалыптасуымызға психологияның үлкен бір орын алатынын байқаған шығармыз. Яғни психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты етеді. Басқа адамға қандай көзқараспен қарауға болады? Өзіңізге қалай сенімді, мейірімді болуға болады? Қиын жұмыс және тұрмыстық жағдайларды қалай шешуге болады?…осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Адамдар психологиялық сауатты болуы арқылы тек өзінің қазіргі уақытына ғана емес болашағына да үлкен қадам жасай алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым - қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді.
Бүгінгі таңда адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын педагогикалық аспектіде зерттеу өзектілік танытып отыр. Өйткені адам интеллектісінің тіл білімі (танымдық тіл білімі, психолингвистика, лингво мәдениет таным) аясында педагогика ғылымымен тоғыса зерттелуі кешенді түрде, жаңа заман ағымы мен ғылым талаптарын негізге ала отыра іске асырылуда. Екіншіден, бәсекеге қабілеттілікті талап ететін дәуірде адам туралы ғылымды үнемі жаңғыртып отыру керек. Дүниежүзілік жаһандану үдерісі жаратылысымызда адамға ғана тән интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді жасанды интеллект арқылы дамытуда. Әлемде бұрын - соңды ешкімнің ойына келмеген ғылыми - технологиялық төңкеріс белең алуда. Осы жағдай адам өмірін ұтқырлыққа, ақпараттық ағымға, әлемдік бәсекелестікке және т. б. осындай көптеген қоғамдық факторларға бағынышты етіп отыр. Қалай айтсақ та, адам интеллектісі (ой, сана, ақыл, парасат, білім, дарын және т. б.) – саналы тіршілігіміздің басты тірегі, ал бұл – ел болашағының көрінісі және ұрпағымыздың интеллектуалдық әлеуетінің маңызды шарттары.
Интеллект – адам миының қызметі, ақылының қолданылуы кезінде, танымдық - логикалық үдерісте, қоршаған ортада тіршілік ету барысында жиналған білім - тәжірибені пайдалануда, іске асыруда көрініс табатын ұғым - белгі. Интеллектінің мәнін бір ғана ғылыми бағытта айқындау мүмкін емес.
Әлеуметтік интеллект – адамның қарапайым тіршілікте өзіне қажетті орнын таба білу және кез келген уақытта өмірлік бағыт - бағдарын өзгерте алу қабілеті. Мәселен, біз өмірде бала немесе ересек, оқытушы немесе студент, басқарушы немесе оның қарамағындағы жұмысшы бола аламыз. Кей кездері кім болатынымызды өзіміз таңдай аламыз, кейде біз үшін біреу таңдайды. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адам – өзінің қоғамдағы орынын лайықты таңдай білетін, өмірлік бағытын дұрыс басқара алатын адам. Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан - жақты зерттелді. Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез - құлқын адекватты түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді. Ол қазіргі заманда сұранысқа ие педагог - психолог мамандарға кәсіби тұлғааралық өзара әрекетті орнатуда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік интеллект, эмоционалды ашықтық, шынай педагогикалық ізгілік, әлеуметтік - кәсіби жауапкершілік, ерікті батыл әрекеттерге қабілеттілік, коммуникативтілік педагог - психолог тұлғасының кәсіби маңызды сапаларына жатады.
Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болуы болып табылады. Бұл жауапкершілік конструктивті іс - әрекеттің, субъект белсенділігінің, оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.
Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін эксперименттік - педагогикалық зерттеудің үш деңгейі «бейімделушілік» феномені негізінде қарастырылуы қажет және олар былай көрініс береді, олар:
тұлғалық – бейімделу міндетін жүзеге асыруға көмектесетін балалардың тұлғалық әлеуметтік - психологиялық әлеуетінің көрінуі.
әлеуметтік – баланың мүмкін бейімделу белсенділігін айқындауға көмектесуші әлеуметтік - коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін сипаттау.
Психологиялық – тұлғаның әлеуметтік - психологиялық бейімделуінің қалыптасуының даралық - әлеуметтік диспозициялар жүйесінің айқындалуы. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез - құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс - әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.
Қорытындылай келе, қандай сала болмасын, өміріңізде қандай жағдай болмасын, тұлға болып қалыптасуымызға психологияның үлкен бір орын алатынын байқаған шығармыз. Яғни психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты етеді. Басқа адамға қандай көзқараспен қарауға болады? Өзіңізге қалай сенімді, мейірімді болуға болады? Қиын жұмыс және тұрмыстық жағдайларды қалай шешуге болады?…осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Адамдар психологиялық сауатты болуы арқылы тек өзінің қазіргі уақытына ғана емес болашағына да үлкен қадам жасай алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым - қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді.
Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Экономика мамандығының 1 курс студенті
Экономика кафедрасы.
Қобландиев А. Н, 1 курс студенті
Экономика мамандығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшеліктері
- merei_1713
- 28 сәуір 2024
- 815
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әлеуметтік интеллект, Психология, Әлеуметтік мінез-құлық
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы
Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі
Бұл университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық конференцияларға қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік...Психология ұғымы және оның бағыттары
Әл - Фaрaби aтындағы Қазақ Ұлттық университеті – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі. Университетте психология...Жалғыздық – тұлғаның дамытуына әсер етуші фактор ретінде
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі,...Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.