Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%- ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%- ға игерілді.

Биыл «Серпін» жобасы халық тығыз орналасқан өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері солтүстік, шығыс және орталық Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына оқуға аттанады.

«Жалпы, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерімен әріптестік орнатқан шамамен 20 жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл — Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді министр Саясат Нұрбек.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 113 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Сондай - ақ, гранттарды бөлу кезінде заңнамада белгіленген әлеуметтік осал санаттағы балаларға арналған квоталар сақталады.

Дарынды жастарды қолдау мақсатында халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурссыз гранттар көзделген.

2025 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу бірінші сілтеме
2025 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу екінші сілтеме
2025 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Грант 2024-2025 толық тізім

Грант 2024-2025 толық тізім

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі...
Жолдауды іске асыру жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті

Жолдауды іске асыру жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен...
Грант 2022-2023 толық тізім

Грант 2022-2023 толық тізім

Құрметті ата-аналар және жас талапкерлер асыға күтіп отырған жаңалық - бүгін 2022-2023 жылғы білім гранттарының тізімі жария болды....
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі анықталды. Біздің сайттан жүктеп алуға болады. Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!...
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімін жүктеу

2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімін жүктеу

2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі белгілі болды! Кіріңіздер, көшіріп алып өз фамилияңызды қарасаңыз болады. Барлық түлектерге...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×