Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның

«Ұстаз деген – жарық күні ғаламның»

1 – жүргізуші:
Армысыздар қадірменді көрермен қауым!
2 – жүргізуші:
Армысыздар! «Ұстаз деген – жарық күні ғаламның» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады. – дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер. Оқушылардың орындауында «Ұстазым» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1 – жүргізуші:
Ажырамай колледжден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! – деп ортаға екінші анамызды шақырамыз. (Сынып жетекшісінің сөзі)
2 – жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып, құрметті оқушыларымызды қарсы алыңыздар. (өлеңдерін оқиды)
1 – жүргізуші:
Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар,
Созылтып ән мұржасын созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге тақсық,
Жылпыңдап жылы сөзді неге ұмытар – деп, келесі кезекте бітіруші және бітіріп кеткен түлектеріміздің орындауында, оқушылардың сұрауы бойынша «Әдемі еркем» әнін қабыл алыңыздар! Құлақтарыңыз әнде болсын ағайын.

2 – жүргізуші:
Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас.
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас – деп алдарыңызда өз өнерімен мектеп оқушыларынан құралған қыздарымыздың биін қошеметпен қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, ақын жанды ұлдарымызды қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Домбыралы, кернейлі,
Өнерпаздар, алға шық.
Мерекеміз, мерейлі,
Кетсін күйге жалғасып – дей отырып, оқушылардың орындауында Сарыжайлау күйін қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама – деп, ұстаздарға арнаған «Мейірбан ұстаз» атты көрінісімізді қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.

Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,
Арманын аласартпас, сезімділер.
Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген,
Бала үшін бар азапқа төзімділер – дей отырып, оқушымыздың орындауында «Ұстазым менің, ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Шәкірттің жүрегіне дем бересің,
Екінші анам болып сен келесің.
Мейірім – шуағыңды күндей шашып,
Барлығына шәкірттің дән себесің – дей отырып, мектеп директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарына сөз береміз.
2 – жүргізуші:
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын.

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар...! – дей отырып, осымен ұлағатты ұстаздарға арнаған кешіміз аяқталды деп жариялаймыз!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...
ұстаздар күні

ұстаздар күні

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...
Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – мектептің жүрегі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы Тақырыбы: «Ұстаз...
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×