Сахна сыртынан ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да, оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жандар,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.
Жүргізушілер шығып:
1 - Жүр.
Армысыздар, бармысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар!
2 - Жүр.
Ұстаз - деген жарық күні ғаламның
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сенде одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген
1 - жүр.
Рағила, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын.
2 - жүр.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын.
Ән: «Ардақты ұстазым» Сансызбаева Светлана
1жүр.
Сен қалай ойлайсың, Рағила? Менің ойымша, кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2 - жүр.
Апай, мен осы сөзіңіз дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -, деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1 - Жүр.
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
«Ұстазым» әні сіздерге арналады. Алдарыңызда Қоныспаева Альмара
1 - жүр.
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 - жүр.
Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.(қонақтарды таныстырады)
Ескалиева Нұрсұлу Ескалиқызы
Аралова Сәуле Ғалымқызы
Кабиева Латипа Ғазизқызы
Жаксылыкова Орынғаным Жаксылыққызы
1 - жүр.
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы - ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
2 қонаққа сұрақ.«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 - қонаққа сұрақ. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4 - қонаққа сұрақ: Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірман ұстаздар. Өздеріңізге арналған сый – құрметті қабыл алыңыздар.
/4 класс қыздары сыйлық ұсынады/
2 - сынып оқушысы Өтепқали Шұғыламен анасының тартуын қабыл алыңыздар. Орыс биі
2 - жүр.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын.
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғаның.
1 - жүр.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Би: «Бақытым менің» 6 класс қыздары
2 - жүр.
Айнұр апай, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1 - жүр. Ал ендеше баста.
2 - жүр.«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1 - жүр.«Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2 - жүр.«Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1 - жүр.«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2 - жүр.«Ұстазы жақсының – ұстамасы жақсы»
1 - жүр. Рағила, екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең - шумақтарына кезек берелік.
1 - оқушы.
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол туып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас – қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсын - ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
2 - оқушы.
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой - Алла - ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнерлі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
3 - оқушы.
Ұстаздарға мың алғыс,
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті міне, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
4 - оқушы.
Мұғалім – ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәріде жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Хабарлаусыз: «Мектебім» орындайтын Талап Зиба
Жастар биі 6 класс
1 - жүр.
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауыңда
Бал - бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда солардың қоршауында.
2 - жүр.
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Ортамызға Хасанова Анарды шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 - жүр.
Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1 - жүр.
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Ерментаева Меруерт Сатқанқызын шақырамыз.
Хабарлаусыз: Шалқыма мен Диана «Ұстазым»
2 - жүр.
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,- дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
ӨЗБЕК биі: орындайтын 6 - сынып қыздары.
1 - жүр.
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул - жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям
Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін «жаңғақ».
Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын, бақылатып отыратын я қыз я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут
«Апайға айтам»- қыздардың негізгі қаруы.
ӘН: «Мұғалім ол біздің» орындайтындар Жарқын мен Жалғас
2 - жүр.
Мұғалімдер емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де, ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді.?
1 - жүр.
Сіз сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегіңіз кеп тұр ма?
2 - жүр. Ия, Ия, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, ал біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1 - жүр. Ендеше тыныштық сақтаңыздар
Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беру қажет. СҰРАҚТАР:
1. Домбырада - жетеу, сырнайда – алтау, қобызда – бесеу. Бұл не?(әріп)
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?(Жүз)
3. Жел соққанда тау ық бола ма? (Ық болады)
4. Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ)
5. Ертістің ортасында не бар?(Т әрпі бар)
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады?( Тұз)
2 - жүр. Енді кезекте ұстаздар кезек – кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұраққа дұрыс жауап берулеріңіз сұралады.
№1 билет - Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет - Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет - Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет - Ата – аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет - Сабақта анекдот айтқан күніңіз болды ма?
Көп рахмет құрметті ұстаздар. Барлығыңыз емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
Хабарлаусыз: Би «Сылқым қыздар» 4 класс
1 - жүр.
Жақсы жандар жанымызда әрқашан,
Ұлағатты сөзін биік ұстаған.
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді,
Тәрбиелейді балапандай жасыннан.
2 - жүр.
Ұстаз мейірімі - ана мейірімі пара - пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
1 - жүр.
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: «Алғашқы ұстаз» Айару мен Диляра
2 - жүр.«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысымен рахметін.
Оқитын: Кеңесова Асылзада
ӘН: «Мектебім» орындайтындар 6 сынып қыздары
1 - жүр.
Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекте қазақтың мақал - мәтеліне берсек. Бұл
біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалын қандай?
2 - жүр.
Менің ең сүйікті мақалым: Оқу күрекпен құдық қазғандай \иенемен\
Мен шамасы дұрыс айтпадым - ау деймін. Әріптерде, сөздерде бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?
Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал - мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.
1. Қына басқа бітеді\тасқа
Білім шашқа бітеді\басқа
2. Біліп тұрсаң да, сұрама\сұрап ал
3. Аз біл, көп сөйле \көп біл, аз сөйле
4. Көрмес – шошқаны да көрмес\түйені
5. Өнер алды - ұзын тіл\қызыл тіл
6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме\сүрінгенге
2 - жүр.
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың
Қазір әрбір сөзіне
Елеңдейді құлағым
Бірдей етіп ұстадым
Демей бізге бөтенсің
Кейде ақылын ұстаздың
Сағынады екенсің
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек те бәрібір,
Баяғы шәкірт баламын -, деп қанша есейіп кетсек те біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
Флешмоб 2 класс
ӘН: «Ұстазым» Орындайтындар Еламан мен Рысбек
1 - жүр.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
Батыр да, тілінен бал тамған ақында,
Тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда,
Егін салған диқанда, мал бағып терін төккен шопан да,
Көк күмбезінен әрі ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
\Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді\
Сыйлықтар тапсырылады.
Ұстазым-алтын діңгегім
- Айнур Дюсенова
- 13 ақпан 2017
- 6728
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұстаздар күніне арналған сценарий, тәрбие сағаты мұғалімдер күніне
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий
Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...Ұстазым менің ұстазым!
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін балалардың бойына дамыту, әрі...ұстаздар күні
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.