Сайтқа кіру Тіркелу

22 қыркүйек тілдер мерекесімен құттықтау

Аса қадірменді қазақ жұрты, сіздерді бүгінгі келіп жеткен тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тіл – кез келген ұлт пен халықтың, жалпы адамзаттың негізгі қатынас құралы. Тілсіз өмір сүру мүмкін емес. «Ұлтты жоям десең, әуелі тілінен баста» - деген ойдың астарында терең мағына жатыр. Расымен халқымыздың, дініміз бен діліміздің негізгі түп қазығы, ол – біздің ана тіліміз.

Тіліміз бен ұлтымыздың жойылмауының жолында қаншама жанның құрбан болғанын ескерсек, ана тіліміз бен ата дәстүрімізге салғырт қарауға ешбіріміздің құқығымыз жоқ екенін аңғарамыз. Қадыр Мырза Әли атамыз айтпақшы, өзге тілдің бәрін білсек те, өз тіліміздің қадірін ең биігіне шығарайық. Зайырлы, тәуелсіз, көпұлтты, берекелі еліміз, отанымыз Қазақстан жасай берсін! Басқа ұлт өкілдерімен достастығымыз арта берсін! Ең басты қарым – қатынас құралына айналған тілдеріміз жасай берсін! Тілдер күні мерекесі құтты болсын!

Бақытымыз баянды болу жолында аянбай тер төгіп, әр 15 күн сайын жойылып кетіп жатқан тілдер қатарына қосылмау амалын жасауымыз қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзін жаттап өскен ұрпақ осы ұғымды тілмен ғана емес, іспен дәлелдегей. Өз ана тілін жетік білетін нағыз қазақтар көбейе берсін.

Әлемде өзге ұлттың қас-қабағына жәутеңдеп, еркін жүріп-тұра алмайтын, азаттықты аңсаған жұрт қаншама. Олармен салыстырғанда біз ата-баба аманатына қиянат келтірмей, қазақ тілімізді қаймағын бұзбай сақтаған бейбіт те тәуелсіз, бақытты халықпыз.

Қазақстан халқының тілдері күні Құтты болсын! Мол жақсылық болсын. Қазақша сөйлеп, қазақша ән айтайық!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
30 - жас туған күнің құтты болсын!

30 - жас туған күнің құтты болсын!

Орда бұзар отыз жасың келді міне, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Жаңа жасың бақытқа бөлей берсін, Қуанышта, шаттықта шығып үнің....
1 мамыр күніне арналған құттықтау сөздер

1 мамыр күніне арналған құттықтау сөздер

Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейрімді...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Ана тілі және Ата Заң

Ана тілі және Ата Заң

Тіл - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×