Сайтқа кіру Тіркелу

Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 жыл

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы

2025-2026 оқу жылында мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Мектепалды сыныптардың педагогтері жылына бір рет перспективалық жоспар әзірлейді, апта сайын Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі 1 – қосымшаға сәйкес циклограмма құрады, жылына үш рет (бастапқы – қыркүйекте; аралық – қаңтарда;қорытынды-мамырда) Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізеді.

Мониторинг нәтижелері бойынша тәрбиеші оқу жылына баланың Жеке даму картасын толтырады. Баланың жеке даму картасы мектептің (лицейдің, гимназияның) мектепалды сыныптағы барлық балалар үшін толтырылады. Түзету, дамыту іс-шаралары критерийлер бойынша орта және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

Оқу жылының соңында мектепалды сыныптың тәрбиешісі бастауыш сынып мұғалімі бала дамуының одан әрі жеке траекториясын анықтау үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытындылары бойынша Ұлттық білім беру дерекқорына баланың Жеке даму картасын толтырады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп
бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет. Педагог әрекетінің алгоритмі: балаларға айтып беру; балаларға көрсету; балалармен бірге орындау.

Мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.

Тіл және әдебиет
Бастауыш білім

Бастауыш білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім беру саласында білім алушылардың оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға, байланыстырып сөйлеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай - ақ көркем мәтіндер мен сөйлеу әрекеті арқылы құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Оқу процесіне әңгімелер құрастыру, ертегілерді дауыстап оқу, шағын қойылымдар қою және оқыған мәтіндерді талқылау бойынша тапсырмаларды енгізу ұсынылады. Мысалы, оқушыларға кейіпкерлер арасындағы диалогты құрастыру немесе ертегіні қосалқы кейіпкердің атынан баяндап беру ұсынылуы мүмкін. Бұл процесте жасанды интеллект тиімді көмекші құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін: ЖИ - чаттар көмегімен балалар мәтіндерді құрастыруға және
түзетуге үйреніп, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытады; кескін генераторлары әдеби шығармашылықты көрнекі әрі қызықты ету үшін иллюстрациялар жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, ЖИ сөйлеуді дамытуға қолдау көрсетеді, оқуға және жазуға қызығушылықты арттырады, коммуникативтік және шығармашылық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Оқыту тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым сияқты негізгі сөйлеу әрекеті түрлеріне негізделеді.

Тыңдалым және айтылым. 2 - сыныпта оқушылар тыңдалған материалдың тірек сөздерін және негізгі ойын анықтауға үйренеді. Бұл дағды «2. 1. 2. 1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау» оқу мақсаты арқылы қалыптасады. 3 - сыныпта «3. 1. 1. 1 тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру» мақсаты аясында оқушыларды талдау жасау, мәліметтерді салыстыру, және ой қорытындысын жасау дағдыларына үйретеді. 4 - сыныпта «4. 1. 2. 1 мәтіннің тақырыбы мен диаграмма, сызба, кесте бойынша мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу» мақсаты негізінде оқушыларға дәлелмен сөйлеуді, ақпаратты құрылымдауды, және өз көзқарасын қорғауды үйретеді.

Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 жыл жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....
Сулы жер – нулы жер

Сулы жер – нулы жер

6. Т/А. 3. 1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. 6. Ж. 3. 1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік...
Мәдениет пен тіл

Мәдениет пен тіл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты...
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды  пайдалану тиімділігі

Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×