Сайтқа кіру Тіркелу

Шыңдықтың жебесі

«Шыңдықтың жебесі»

Сабақтың тақырыбы: «Шыңдықтың жебесі»

Сабақтың мақсаты: білімділік - Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру.
дамытушылық – оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық қырларын ашу, мәнерлеп оқу.
тәрбиелік – барды бағалауға, елің – жерің сүюге, адал болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдеби кеш
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру.
А) Оқушыларды түгендеу.
Ә) Тәртіпке келтіру.
II. Сабақтың барысы.
Би
Жүргізушілер бірге: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар!(бірге)
1 – жүргізуші:
Алаштың рухын болаттай құйып бойыңа.
Асқақ сөйледің, орман шөккендей ойыңа.
Шер - мұңын айтып елжіреп жүрді ел мен жұрт,
Шер - аға! – дейтін, еңселі есім сойыңа.
2 - жүргізуші:
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған, халқы Шер - аға деп сүйіспеншілікпен әспеттеген абыз Ақсақалымыз Шерхан Мұртаза ға арналады
1 - жүргізуші:
Қазақ журналистикасы тарихында із салып, талай өрімдей жастың бағын ашқан, туған әдебиетімізде де өзінің қайталанбас талантымен олжа салған сөз зергері Шерағамызға арналған «Шыңдықтың жебесі» атты әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз! Халқына ерекше әділдігімен, айрықша ұстамдылығымен, озық ойлы іскерлігімен ұжымын алға сүйреген қайсар азамат. Жазушы журналист ретінде ғана емес, қоғам қайраткері ретінде де еліміздің дамуына зор үлес қосты. Ендеше Шерхан Мұртазаның қайталанбас ерліктері жайлы бейнебаянды тамашалайық. «Видео»
2 - жүргізуші:
ХХ ғасырдағы классикалық қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Шерхан Мұртаза қазақ жазушысы, қоғам қайраткері «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы иегері (2003). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992) жазушысы (1992) атты марапаттары бар.
1 - жүргізуші:
Ол кісінің еңбегі елеусіз қалмас. Ендігі Шерағамызың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысайық.
1 - жүргізуші: Өмірбаянын айтады.

2 - жүргізуші: Шығармашылығы туралы айтады

2 - жүргізуші:
Жұрт жапа - тармағай жарыса оқитын. Өзі айтатын, халықтың аузында мәтелге айналған, оқырманды ойға жетелейтін, өмірлік сабақ беретін «Әттең, бір кем дүние!» атты құнды ой салар туындысы аясындағы 9 - сынып оқушыларымыздың челленджды ұсынамыз.(Экраннан челлендж )
1 - жүргізуші:
Қазақтың ұлы тұлғалары қазақ жұртының кешегі зұлымат соғыс кезіндегі қиын - қыстауды, жоқшылық, жұтшылық ауыр өмірді қалай бастан кешіргенін сәби жүрегімен сезініп, саналарының түкпіріне сақтаған балалар өсе келе сол тағдырды арқау еткен теңдессіз дүниелерді өмірге алып келді.
2 - жүргізуші:
Дұрыс айтасын, Шерағамыздың «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жусан исі», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Ай мен Айша», «Интернат наны» т. б. туындылары қаламгерлердің жеке өмірінен алынғанымен тұтас бір ұлттың тағдыр - шындығын көркемдік пен көмкерген құнды дүниелері.
1 - жүргізуші:
Сөз өнеріне ерекше еңбек сіңірген суреткерлердің қайсысының тағдырына үңілсеңіз, байқайтынымыз – олар ел өміріндегі, ел тіршілігіндегі, қоғамдық, саяси - әлеуметтік, мәдени іс - шараларға үлес қоса жүріп, ел рухын өркениетке жетелейді. Мұның себебі суреткерлер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық ұжымның мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның шығармашылығын да белгілі бір қоғамдық мән, мазмұны бар.
2 - жүргізуші: Ендеше сол дәуір шыңдығынан 10 сынып оқушыларымыздың «Интернат наны» көрінісің тамашалайық

1 - жүргізуші:
Құдайды танып мойындаған адам,
Пенделік нәпсіге бой ұрмаған адам.
Адамдық арды ту етіп ұстап,
Жүректе қазақ, ойында Ғалам...
Ығатын еді көлеңкесінен,
Асып ағатын кемер төсінен.
Мәнімен кетті мәңгілігіне,
Қазақиядай кең өлкесінен – демекші Шерағамызға арналған 10 - сынып оқушыларының арнауларын ұсынамыз.
1 - оқушы: Асыл тәжді тот баспас,
Шекпен сандықта сарғаймас,
Кәрі емендер сықырлар,
Жас қайыңдар майысар,
Заман заманмен көрісер,
Адам адаммен жыласар,
Ай өлмес, жаңасы туар,
Жебе сынбас, зулап ұшар,
Бәрі оңалар, әй, дүние,
Тұран Жолбарысы қайта тумас -
Ғасыр көзіндегі Шер болып қалар! (Ерлан Жүніс)
Тұрарбек Рауанның орындауында күйін қабыл алыңыздар

2 - жүргізуші: Қанжарым еді тіліп түсетін.
Қыраным еді іліп түсетін.
Көкжалым еді түріп түсетін,
Ығатын еді көлеңкесінен,
Асып ағатын кемер төсінен.
Мәнімен кетті мәңгілігіне,
Қазақиядай кең өлкесінен.
1 - жүргізуші: Туған халқының, тәуелсіз мемлекетінің өсіп - өркендеуі жолында қызмет еткен қайраткер қаламгер Шерхан Мұртаза 2018 жылы 8 қазан күні сексен алты жасында дүниеден өтті. Қазаға барша халқы қайғырды. «Өлді деуге болам ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп хакім Абай айтқанындай, соңына өлмейтұғын сөз, ұмытылмас із қалдырған. Шерхан Мұртазаұлының қаламгерлік, қайраткерлік тұлғасы ел жүрегінде сақталып, туындылары халқына мәңгілік рухани азық болып жасай берері сөзсіз.
2 - жүргізуші: Кешімізді әуезді әнмен қортындылайық.

Досмайлова Кульжамал Узенбековна,
Алматы қаласы, √94 мектеп гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шерхан Мұртаза «Шыңдықтың жебесі»

Шерхан Мұртаза «Шыңдықтың жебесі»

Сабақтың мақсаты: білімділік - Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру. дамытушылық – оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу,...
Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы

Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Естаубаева Нурия Айдаровна...
Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы

Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы

«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы....
Әдеби кеш

Әдеби кеш

Бұл сыныптан тыс жұмысым Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған. Балаларға өмір белестерінен аз ғана болса үзінді көрсету Солтүстік Қазақстан...

"Қарттарым, аман-сау жүрші"

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп тәлімгері: Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×