Сайтқа кіру Тіркелу

Алғыс айту күні

1 - наурыз – алғыс айту күні. Бұл атаулы күннің түп - тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн. Марғау тарих куәгер болғандай, біздің арғы ата - бабамыз жер аударылған панасыз, киімсіз аш халықтарға қамқор болып, үйіне кіргізіп, барымен бөлісті. Көңіліне медет, келешегіне демеу, өзіне үміт сыйлады. Қазақ халқының бұл кеңпейілділігі – барша әлем жұртшылығына үлгі боларлық іс.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — дейді Қазақстан Президенті.

Алғыс айту күні
Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.

Соңғы нанын үзіп берген халқым менің,
Ұлттардың алғысымен аян даңқың сенің.
Тар жол, тас қияда тартылса да өзегің,
Өгейсінбей бауырыңа бастың ұлын өзгенің.

Мейірбан жүрегіңмен құшақ жайып,
Көп халықты жаттың қарсы алып.
Ізгілікпен бауырыңды шақырып,
Дархан дастарханнан дәм алып.

Бір - біріне алғыс айтып адамзат,
Адамдықтың төріне шыға берсін қадамдап.
Тарихыңнан бастау алған ғұрпыңды,
Болашаққа міндет ет, даралап!
Тамбай Жайнагүл

Алғыс айту күніне арналған сабақтар:

Алғыс айту күні

1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

Өмірге риза болып, алғыс айт!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет пен алғыс айту

Рахмет пен алғыс айту

Мақсаты: - рахмет пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...
1 наурыз Рахмет айту күні

1 наурыз Рахмет айту күні

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды....
1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған өлең шумақтары, тақпақтар

1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған өлең шумақтары, тақпақтар

Бағым жанып, батылмен бел асқаныма. Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой - өрісім бұл...
Ризашылық пен алғыс

Ризашылық пен алғыс

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;...
1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×