Сайтқа кіру Тіркелу

Психология ғылымының негізі неде?

Психология ғылымының негізі неде?
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың сапа саласындағы саясаты университетті басқару және оның білім беру, ғылыми - зерттеу және инновациялық қызметін жоспарлау үшін міндетті болып табылады. Сондай - ақ, университеттің және оның қызметкерлерінің әл - ауқаты олардың әрқайсысының жұмысының сапасына, тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне байланысты екенін әркім түсінуі керек. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165 - орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын - соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУ - дың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде.
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей - кезде адам мінез - құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой - пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі. Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732 - 1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732 - 1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. Н. С. Тленчиеваның жалпы психология курсында, сабақтары мен ойлары лекция кезінде бізді шабыттандырып, дұрыс жолға бағыттайды. Лекция кезінде орындаған тесттеріміз де бізге өзіміз жайлы қызықты ақпаратты көрсете білді. Н. С. Тленчиева арқылы біз өзімізді, ішкі жан дүниемізді тани білдік, ішкі құбылыстарымызды түсініп, өмірлік танымымызды кеңейттік. Жалпы біз осы сабақта өзіміз естіп көріп білмеген психологияның сан қырлы дүниетанымын үйрендік. Н. С Тленчиеваның лекциялары бізге жақсы адам болуға және басқа адамдармен бақытты және үйлесімді қарым - қатынас орнатуға көмектесті.
Қорытындылай келе, ҚазҰУ - да психология сабағының маңызы бізге үшін өте жоғары. Себебі біз психологияда студенттермен отырып көптеген жағдайларды талқылау арқылы соған көз жеткіздік, бұл сабақты біздің университетімізде өткізуде маңызды. Осылайша, ҚазҰУ - дағы психология өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын және кәсіби қызметінде табысқа жете алатын жоғары білікті мамандарды дайындауда шешуші рөл атқарады.

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Перден Сәкен 1 - курс студенті Менеджмент мамандығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×