Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер:
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Тәуелсіздік – тірегім
Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Желтоқсан. Тәуелсіздік
Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Еркіндігім қасиетім
- ramuk_b
- 7 қараша 2023
- 20947
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Еркіндігім қасиетім өлеңі, Қалқаман Сарин өлеңдері, тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады....Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ, Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ. Отан үшін құрбан болған боздақтар, Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ....Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....Тәуелсіздік
Аққудай қанат қаққан, Қазақ елі. Үнемі ат үстінде күн өткелі, Таңданды, алға ұмтылды Дүбірлетті. Көк туын алға қарай желбіретті....Тәуелсіздік
Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.