Тағылымы терең конференция
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ның ғылыми кітапханасында қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «М. Дулатұлы – ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми - практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі, «Amanat» партиясы, Жастар рухы, Алматы облысының музейлер бірлестігі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы. Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрі – А. Ш. Әлназарованың құттықтау сөзімен ашылды.
Іс - шараның мақсаты – ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең зерделеу, оның ағартушылық және қоғамдық қызметінің бүгінгі күнмен сабақтастығын айқындау болды.
Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының ғалымдары – ҚР ҰҒА академигі, т. ғ. к. профессор, алаштанушы Әбжанов Х. М, Қойгелді М. Қ., режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан киноматографистері одағының мүшесі – Омаров Қалила Нематұлы, режиссер - драматург, Қазақстанның халық әртісі, өнер қайраткері – Ерсайын Төлеубай Жүнісбекұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры – Фазылжан Анар Мұратқызы, саяси қуғын - сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, тарих факультетінің «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, «Тұлғатану» ғылыми - зерттеу орталығының директоры, т. ғ. к., доцент Жұмабеков Жамбыл Әзмұқанұлы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп директоры, тарихшы Бикенова Шынар Хамитқызы мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары Г. А. Идрисова, Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова және жас ғалымдар және студенттер қатысты. Шара барысында қатысушылар Міржақып Дулатұлының ұлттық сананы оятудағы, білім беру ісін дамытудағы және қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөліне арналған баяндамалар жасап, өз ой - пікірлерімен бөлісті.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары:М. Тойғанбекова, С. Нұртілеуова
Тағылымы терең конференция
- ramuk_b
- 20 қараша 2025
- 0
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Дулатұлы – ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы
Ұқсас жаңалықтар:

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
Тәжірибесі мен тағылымы мол конференция
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі 10 жылдан астам уақыт бойы оқушыларға арналған «Жас әл - Фараби» республикалық ғылыми - тәжірибелік...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.