Тақырыбы: Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тәуелсіздігіміздің символы – ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Теңгенің шығу тарихы
2. Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
3. Өскемендегі теңге сарайы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.
Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін»- деді.Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.
Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жарияланған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары»фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.
1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.
1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.
Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде”Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған.”Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған
Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.
Теңгенің сипаттамасы-2006 ж
200 теңге.Басым түсі:сарғылт - жасыл .Мөлшері:126х64мм
500 теңге.Басым түсі:көкшіл - сұр.Мөлшері:130х67мм
1000теңге Басым түсі:сарғыш - қоңыр.Мөлшері:134х70мм
5000 теңге Басым түсі:күңгірт қоңыр - қызыл.Мөлшері:142х76мм
10000 теңге Басым түсі:күлгін - көк.Мөлшері:146х79мм
2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған теңге
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
2010 жылы 1мың теңгелік көкшіл - жасыл
2011 жылы Қысқы Азия ойындары
2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері
2011жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл толды.
Өскемендегі теңге сарайы.Айналымдық теңге, коллекциялық теңге, жетондар.
Тәуелсіздіктің 20 шыңы
7.12. “Алтын теңге”
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты – ұлттық валюта күні.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Н.Назарбаев
Қорытынды
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Бүгінде осы аумақта Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл – айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары.
2.Жамбыл Артықбаев, Әділхан Пірманов, «Қазақстан тарихы», энциклопедиялық басылым, Алматы «Атамұра» 2008.
3.«Егемен Қазақстан» газеттері.
4.«Дала мен қала» газеттері.
5.«Уақыт тынысы» газеттері.
6.«Экономика білім негіздері» журналдары.
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы
Крупская атындағы мектеп –балабақшаның экономика пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Саябаева Гүлғайша Жакеновна
Баяндамашы: Жаксылыкова Мадина 8“Б” сынып оқушысы.
15 қараша ұлттық валюта күніне арналған презентацияны жүктеу
Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге
- ГУЛЬГАЙША
- 10 қараша 2024
- 48498
- 0
- 100
Ілмек сөздер: шығармашылық жоба, тәуелсіздігіміздің символы, ұлттық теңге, ұлттық валюта күні
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық валюта – тәуелсіздік нышаны
Мақсаты: Қазақстанның ұлттың ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға...Теңгенің шығу тарихы
Арал индустриалды - техникалық колледжінің Нарықтық экономика негіздері пәнінің оқытушысы Аймурзаева Лаура...20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Айтиев селосы, Айтиев бастауыш мектебінің мұғалімі Танатарова Шолпан Каратаевна...Алтын теңге
Мақсаты: ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту. Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш...Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Мұғалім сөзі: Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.