Сайтқа кіру Тіркелу

«Мінез - құлық модельдері және конфликтілік мінез - құлықтың ерекшеліктері»

Біз оқып жатқан Әл - Фараби атындағы Қaзaқ ұлттық университетінің айтар ерекшелігі өте көп. Жайлы орта, қамқор мұғалімдер, көңілді групаластар, бұдан асқан бақыт барма? Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі болды. Әл - Фaрaби aтындағы университет – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі, ондa психология кaфедрасы психологиялық ғылымдaр caлacындағы мaмандарды дaярлaумен aйнaлыcaды. Жоғaры оқу орны халықaрaлық деңгейде aлғaшқы орындaрды иеленуде. «QS Asia University Rankings 2023: Central Asia рейтингі» – 1 - орын. «QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings рейтингі» – 16 - орын. Бүгінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті. ҚазҰУ - дың 90 - жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді. Біз Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің эконом факультетінде 1 - курста оқимыз. Онда әлеуметтік модуль бойынша психология пәні кіреді. Ол жерде маған ұнаған тақырып «Мінез - құлық модельдері және конфликтілік мінез - құлықтың ерекшеліктері». Осы тақырып жайлы айта кетсем.
Психологияда әлеуметтік процестерге қатысты әлеуметтік мінез - құлық дегенді қарастырады. Қоршаған әлеуметтік ортаның реакциясына қатысты туындайтын реакцияға физикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қағанағаттандырумен байланысты болатын мінез - құлықтың жиынтығы жатады. Оның объектісіне жеке адам және топтарды жатқызамыз. Әлеуметтік мінез - құлық әлеуметтік статус, әлеуметтік рөл мен күтулермен тікелей байланысты. «Табиғи» мінез - құлық - жекелей мәнді және эгоцентрикалық бағытта болады, жеке дара мақсатқа жетуге арналады. Назданған мінез - құлық - жеке дара табиғи емес мінез - құлық; соның арқасында қоғам дамиды. Этикеттен бастап салтанатқа дейін біздің әлеуметтік өмірімізге өте терең бойлап кеткен, тіпті адамдар сол кеңістікте жүргендерін байқаймайды да. Мінез - құлық моделін таңдау дегеніміз күнделікті өмірде, қарым - қатынаста қажетті нәрсе, адамды коммуникабелді, сүйкімді жасауға көмектеседі. Олар негізінен бірнеше жіктемелерді құрайды: ресми қарым - қатынаста және ресми емес қарым - қатынаста (отбасылық, достармен) қолданылатын моделдер және олар белсенді (агрессивті модель) және енжар (қорғаныс моделі) деп те бөлінеді. Өмір талаптарына сай этикет (алдын ала белгіленген) және стратегиялық модельдер болады. Этикет моделі әрбір мамандыққа жазылған этикалық талаптар, мысалы дәрігерге бөлек, дипломатқа бөлек міндеттер қойылады. Конфликт адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы, конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы қарастырады.
Конфликт (лат. contractus – соқтығысты) – әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде туындайтын мүдделердегі, мақсаттардағы, көзқарастардағы қайшылықтарды шешудің ең өткір тәсілі, бұл өзара әрекеттесуге қатысушылардың қарсылығынан тұратын және әдетте жағымсыз эмоциялармен бірге жүреді, жалпы адамзаттық құндылықтар, ережелер мен қалыпты шеңберден шығу. Қақтығыстың себептері - құбылыстар, оқиғалар, фактілер, қақтығыстан туындаған және оны әлеуметтік өзара әрекеттесу субъектілерінің белгілі бір жағдайларында тудыратын жағдайлар. Қақтығыстардың себептері олардың пайда болу кездерін анықтайды және ағымның динамикасын анықтайды. Мақсаттардағы айырмашылықтар (еңбекке ақылсыз ұйымдастыру) адамдардың принциптік көзқарастары, олардың мінез - құлық стилі, сенімдердің жеке сипаттары жүйелерінің сипаты. Орындаушылардың баскару жүйесіндегі мақсаттарының айырмашылығы жиі олардың арасындағы қайшылықты тудырады. Бірлескен жұмыс жағдайында әрдайым іс - әрекеттердің өзара байланысы, құқықтардың, функциялардың, жауапкершіліктің болмауы, жұмыс сапасын жане басқа да басқару қателерін дұрыс түсінбеу арқылы жанжал мүмкіндіктері бар. Қалыпты өмір сүру үшін қажет болмауы (төмен жалақы) ұйымдар мен қоғамдақы қақтығыстардың деңгейін айтарлықтай арттырады. Жұмыс ұжымының нашар бірлестігі, қанағаттанарлықсыз коммуникациялар, қызметкерлердің үйлеспеушілігі, қажетті коммуникациялардың болмауы ұйымдардағы қақтығыстардың катализаторы болып табылады.
Инцидент (себеп)- қарсы жақтың қызығушылықтарына кедергі келтіретін қатысушы екінші жақтың іс - әрекеті болып табылады. Үшінші жақтың да әрекеттері инцидент ретінде есептелуі мүмкін. Мысалы, басшылықпен қиын өткен сұқбат кезіндегі әріптесінің ашуды келтіретін сөздері. Конфликт — күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама - қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез - келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама - қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни, конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама - қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін. Қорытындылай келе, мінез құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез - құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл - қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез - құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт - бағдары, талғам - сенімі, көзқарасы, мақсат - мұраты көрініс береді. Адам өзін - өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез - құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым - қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс - тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез - құлық деп атаймыз. Адамның мінез - құлығын және жануарлардың мінез - қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

Тленчиева Н. С.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Абзалұлы Ринат
Көлік қызметтері 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы

Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...
Психология саласындағы мотивация ұғымы

Психология саласындағы мотивация ұғымы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие әрі Қазақстан білімі мен ғылымының ірі...
Психология ұғымы және оның бағыттары

Психология ұғымы және оның бағыттары

Әл - Фaрaби aтындағы Қазақ Ұлттық университеті – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі. Университетте психология...
Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

ХХІ ғасырдың әлеуметтік психологиясы бізге мінез - құлқымыздың биологиялық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Біздің әлеуметтік мінез -...
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×