Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытатын кафедра
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991 жылдан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жасауды қолға алды. Шетелдіктерге арналған факультетте алғаш қазақ тілін үйрену үшін келген шетел азаматтары үшін арнайы топтар ашылып, оларға қазақ тілін үйретудің жаңа бір бағыты дүниеге келді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы құрылғанынан бастап, ұжымының ғылыми - практикалық еңбектері, орыс тілін шет тілі ретінде және қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеру теориясының ғылыми негізін қалыптастырып, өзге тілді оқыту практикасын дамытып, өзіндік платформа іске қосылды.
Факультет ашылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы қазақ тілін шет тілі ретінде меңгерудің қолданбалы бағытының даму кезеңі деп атауға болады. Оны өткен ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды.
Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша, теориялық қағидалары дәрісханалық жұмыс жасауда толығымен қолданыс тапқан, өзіндік ғылыми - әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады. Кафедрада тіл меңгерудің жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделі жасалған. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақ тілін оқытудың әр деңгейінде сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасуына сандық және сапалық талаптар қойылады. Тіл меңгерудің қарапайым, негізгі және жалғастырушы деңгейлері коммуникативті жеткілікті, аутентикалық сөйлеумен және тілдік материалдармен қамтамасыз етілген.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым - қатынасқа жеке және тең дәрежеде қатыса алатындай би/полимәдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталып отыр. Үйреніп отырған тілді мәдениетаралық қарым - қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым - қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір - бірімен тығыз байланысқан түсініп - тыңдау, ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан да қазақ тілі оқытушылары өздерінің ғылыми, оқыту - әдістемелік жұмыстарын тіл меңгерудегі сөйлеу әректтерінің түрлерін: тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым (диалогтік, монологтік) шыңдауға арнайды. Қазақ тілін оқыту үдерісінде жоғарыда айтылған әр деңгейдің сапасын бақылау мақсатында сөйлеу әрекеттерінің әр түріне арналған арнайы тестілік тексеру жүйесі жасалынған. Сондықтан қазақ тілін үйрену үшін келген әрбір азамат өзінің тілді меңгеру деңгейін арнайы тест арқылы бақылап көре алады және сөйлеу әрекеттерінің қай түрі қалыс болса, сол бағытта көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік ала алады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қазақ топтарында жұмыс істейтін оқытушылар құрастырған оқу бағдарламалары тіл үйретудегі базалық, орта, жоғары деңгейлердің (А1, А2, В1, В2, С1) дерлік барлығына арналып құрастырылған. Әрбір бағдарлама логикалық тұрғыдан дұрыс және жүйелі түрде, бұған қоса инофонның тіл меңгеруін жеңіл әрі қысқа мерзімде белгілі бір жағдаятқа байланысты өз ойын еркін айта және жаза алатындай, сонымен қатар тіл үйренушіні коммуникацияға шығара және шетелден келген тыңдаушылардың өздеріне таныс емес елдің географиялық ерекшеліктерімен, тарихымен, мәдениетімен, әдет - ғұрып, салт - дәстүрімен, тұрмыс - тіршілігімен, өнерімен таныстыра алатындай дәрежеде жасалынған. Бұл шетелден келген азаматтардың жаңа тілдік, әлеуметтік және мәдени ортаға бейімделуіне көмектеседі, тілді үйрену процесін белсендетіп, студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Кафедра оқытушылары шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесін жинады. Мұның бәрі оқытушыларға өз оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруге көмектесіп отыр.
Шетелден келген азаматтар тіл үйренумен бірге Қазақ елінің тарихы, салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті жайында көптеген мәліметтермен сусындап, өз көздерімен көруге тырысады, қызығады. Сондықтан тыңдаушылар Қазақстанның көрнекті жерлеріне саяхат жасап, мұражайларға, қазақтың опера, драма театрларына барады.
Осы жылы аталмыш кафедра 39 жылдық мерйтойын атап өтуде. Осы 39 жылдың ішінде кафедра оқытушылары қаншама шәкіртке, тыңдаушыға тәлім беріп, білім нәрімен сусындатып, қазақ тілін меңгертіп, қазақша сөйлеуіне ықпал жасады. Кафедра ұжымын осы атаулы датамен құттықтап, білімнің білте шамын сөнідрмей, шәкірттерге білім беру жолындағы еңбектеріңіз еленіп, шығармашылық жолында толағай табыстарға жете беріңіздер демекпіз!
М. П. Ешимов филол. ғ. к., аға оқытушы
Р. И. Дүйсенбаева аға оқытушы
Г. Ә. Мұсаева филол. ғ. к., доцент
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытатын кафедра
- ramuk_b
- 19 сәуір 2024
- 648
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...Сапалы білім – болашақ кепілі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқан,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.