Мұқағали рухымен сырласу
М.Мақатаевтың 80 жылдығына арнау
Ақын бейнең жаралған анық нұрдан,
Дараланып тұрады алып тұлғаң.
Көремін мен жастардың жүрегінен
От-жырыңның алауын жанып тұрған!
Сен жыр жазсаң ән туып өлеңінен,
Өткізер ең ойлардың елегінен.
Ұрпағың бар ал бүгін маржан терген
Сезіміңнің теңіздей тереңінен!
Асқар таусың көрінген алыс қырдан
Жыр-бұлағын ғасырмен жарыстырған!
Сенің сұлу өлеңің қаншама мың
Ғашықтардың жүрегін табыстырған?!
Күмбірлеген керуендей сәні қалған,
Сағындырып шығады әнің алдан.
Біз ұрпақпыз өлеңнің өлкесінде
Сезімі мол жырыңнан тәлім алған!
Бүгінгі жас бағалар сенгеніңді,
Ерек құрмет тұтады еңбегіңді.
Жүрегіммен сеземін тебіреніп
Ұстазымның алдына келгенімді!
...Өнер жолда бағыңның жанғаны анық,
Кесек ойың кеткен жоқ жаңқаланып!
Мұқа, сенің мәңгілік асқақ жырың
Хан Тәңірді тұрады арқаланып!!!
Айбатыр СЕЙТАҚ,
Алматы. 26 шілде 2011 жыл.
Ақын туған өңірімен тілдесу
Ұланыңмен бақ-жұлдызың жанды ма?
Нөсер жырға шөлің әбден қанды ма?
Мәңгі жасыл Мұқағали мекені,
«Ассалау» деп келіп тұрмын алдыңа.
Қасіретін көз жасымен жудырған,
Елдің мұңын жүрегіне тұндырған,
Туған халқы қуат берсе Мұқаңа,
Құт мекені ақын қылып тудырған.
Ғажап Көлсай көңілімді тербетіп,
Ойға шомып, қарап тұрсам көл бетін:
Терең, тұнық, мөлдір таза судан да
Көремін мен Мұқағали келбетін!
Шын ақынның шыңнан алар жыр басы,
Мәңгі өлмес ғасырлардың құрдасы!
Ақ иықты асқаралы таудан да
Көрінеді Мұқағали тұлғасы!
Сұлулық-ай суретші салғандай!
Гүлмен бірге жыр да бүршік жарғандай!
Шабыттанып жыр оқыған даусына
Қалың орман құлақ түріп қалғандай!
...Жер құлпырды жайма шуақ жазым кеп,
Жүректерді жаулап алды назың тек.
Сағынышты сезімімен бар қазақ
Ән салады «Қайран, Қарасазым» деп!
Айбатыр СЕЙТАҚ,
Алматы. 24-25 шілде 2011 жыл.
Мұқағали рухымен сырласу
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2020
- 2637
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұқағали рухымен сырласу, Мұқағали туралы өлең, Айбатыр Сейтақтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағалиға арнау
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін, Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін. Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң Кешіріңдер, Мұқағали емеспін....Сағынады ақынды сыздап жүрек
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 - 1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы....М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы Мараимова Шарбану Укметовна...Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)
Мұқағали Мақатаев "Бүгін менің туған күнім" (электронды оқулық). Ерлан Шарапиев Өзбекстан Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы №18орта...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.