Сайтқа кіру Тіркелу

Студенттердің ғылыми конференциясы өтті

Студенттердің ғылыми конференциясы өтті

Бүгін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы болып өтті. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде де аталмыш конференцияның бірнеше секциясы өз жұмысын бастады. 4 - 5 сәуірге жоспарланған студенттер конференциясының қазақ және орыс тілдері бойынша секциясы шетелдік тыңдаушылардың баяндамаларын тыңдады. «Қазақ тілі» секциясында модератор: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Ә. Мұсаева, хатшы: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г. Ә. Машинбаева болды. Сонымен қатар секция жұмысына кафедраның аға оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева мен М. П. Ешимов те қатысты.
Конференцияға қатысушылар әртүрлі тақырыпта мақалалар жазып, баяндама жасады. Мысалы, тарих, экономика, салт - дәстүр, тіл, әдебиет, мәдениет, дін т. б. тақрыптарда ғылыми еңбектерін көпшілік назарына ұсынды. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен қатысқан студенттер өз ғылыми еңбектерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынса, шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерінде жазылған ғылыми мақалаларын ұйымдастырушылар алқасына жолдаған. Ғылыми конференция ұйымдастырушыларының атап өтерлігі де осы тұс. Себебі Қазақстан Республикасына келіп, бірнеше ай ғана тіл меңгеріп, сол оқыған санаулы уақыттың ішінде өзге тілде сөйлеудің өзі былай тұрсын, қазақша ғылыми, өз ойын пайымдай, өзектілігін айқындап көрсетіп, мақсаты мен мүддесін нақтылай көрсеткен жұмыс жазу оңай нәрсе емес.
Стилі, мазмұны, мағынасы келісті келген, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға толығымен жауап бере алатын, өзінің өзектілігімен, тілінің жатықтығымен, ерекшелігімен ерекше атап өтерлік жұмыстар да жоқ емес. Атап айтар болсақ, Конференцияда Қытай Халық Республикасы, Түрікменстан, Түркия, Үндістан сынды елден келген шетелдік студенттер қазақ тілінде баяндама жасады. Айқын Жайдар «Қытайдың атақты ақыны – Су Ши» деген тақырыпта баяндама жасап, тақырып бойынша қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берді. Сол себепті де Айқын Жайдардың ғылыми жұмысы жоғары бағаланды. Сонымен қатар Аймер Дәулет «Суды үнемдеу», Бендангиэнла, Айер Бендангинла «Үндістан», Мелаева Нуртач «Менің елім – Түрікменстан», Нұрболат Қарлығаш «Қытай халқының ұлттық аңыздары» Сосаңгренба «Нага туралы» және өзге де шетелдік студенттер т. б. тақырыптарда баяндама жасады.
Баяндамашыларға секция жұмысына қатысып отырған оқытушылар мен шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ тілін меңгеріп жатқан шетелдік студенттер сұрақтар қойды.
Конференцияны ұйымдастырушылар алқасы студенттерге табыс, болашақтарына сәттілік тілеп, ғылым жолында еңбектерінің жана беруіне тілектестіктерін білдірді. Секция жұмысының соңында баяндама жасаған шетелдік студенттерге диплом мен конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
М. П. Ешимов, Г. Ә. Мұсаева, Г. Ә. Машинбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті

Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×