Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз – жыл басы

«Наурыз – жыл басы»
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
Ал балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып, би билеп,
Әнмен күйді төгілдіріп,
Інжу - маржан шашайық,
Келген қонақ таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Хор: «Наурыз – біздің жаңа жыл!» әні.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылды қарсы алайық.
Залға әдемі киінген көктем Аруы кіреді.
Балалар: Сәлеметсіз бе, көктем Аруы!
Көктем Аруы: Амансың ба балаларым, амансыздар ма қонақтар?! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әр отбасына құт береке әкелсін! Бұл күні адамдар таза киініп, ауласын тазалап, тал егеді, бұлақтың көзін ашып су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, сол көжеден бүгін дәм татасыңдар.
Жүргізуші: Балалар, олай болса, Көктем Аруына өнерімізді көрсетейікші.

Көктем келді, балақай,
Жасарды қыр, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарқанын жайып дарқан,
Жақсылық пен бақыт шашқан.

Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырады дала жайнаған.

Көктемнің төкті нұры,
Көңілдің кетті мұңы.
Кел, достар, ән шырқайық,
Ұлыстың ұлы күні.

Көктем келді бүгін,
Күн де төкті нұрын.
Наурыз тойын тойлап,
Жатырмыз ғой бүгін.
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата ел аралап, тіршілік иесіне құт - береке дарытып, жақсылық нұрын себелейді екен. Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонағымыз келіп қалыпты. Қане, қошеметтеп Қыдыр атамызды қарсы алайық.
- Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата!
Қыдыр ата: Амансың ба ұлдарым, амансың ба қыздарым! Наурыз мерекелерің құтты болсын! Әр отбасына құт береке әкелсін!
Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз.
Айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Жадыраған өмірде,
Айтылады жырымыз.

Жайнатады гүл - гүлді,
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.

Наурыз тойы тамаша,
Наурыз айы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжысып тұр жараса.

Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір төрлет,
Ел боп саған
Көрсетіп жатыр сый - құрмет.

Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлап ел енді,
Наурыз көктем басталды.
Жүргізуші: Ендігі кезекте топтың ер балдарына берейік. «Қамшы» биін тамашалаңыз. Көктем Аруы: Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма? «Асық жинау» ойыны. 2 - рет ойнату.
Ойынның шарты: Асықтарды кім көп жинайды, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Наурыз келді жарқыраған, жайнаған,
Салтанатты сауық - сайран айналам.
Наурыз тойда, қыр мен ойда,
Қала, дала қызық думан қайнаған - деп,
Келесі кезекті салт - дәстүрге береміз.
Салт - дәстүрдің бірі - «Тұсау кесу»
Көрініс: «Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді. Тұсауды әдемі ала жіппен кеседі. Оның себебі: болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын деп тілейді.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін - деп тұсауын кесіп жібереді.
Жүргізуші: Топ қыздарының биін тамашалаңыздар. Би «Тостақан». Балалардың тақпағына кезек берейік:
Наурызбен құттықтап,
Алыс - жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын,
Көңілдерге ауысты.

Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Ырысымыз көп болсын.

Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне Наурыз келеді,
Әсемденіп жер енді.

Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Жырға толды алаңдар
Салт - дәтүріміз жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап дәмді етіп,
Наурыз көже пісірді.

Үстін жасыл түк басып,
Көктем келді нық басып.
Тоғайларға тығылып,
Кетті лезде қыс қашып.
Жүргізуші». Ән Наурыз
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата батасы:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Дастарқаның кең болсын!
Уайым - қайғы жоқ болсын! Әумин!
Жүргізуші: Әумин, айтқаныңыз келсін! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата - баба дәстүрін ұлықтап өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарқанға шақырамыз. Сау болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым - қайғысыз, аман - сау жетейік!
Балалар, қане бәріміз «Қара жорға» биін билейік
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×