Қытайдан келген өнерлі қыз
Білім мен ғылымның ордасы ҚазҰУ - де тек Қазақстандықтар емес, шетелден келген азаматтар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Биылғы жылы университеттің ЖОО дейінгі білім беру факультетіне қазақ тілін үйрену үшін қытай елінде қытай мектебін тамамдаған бірнеше қандас келді. Олар қазақ тілін ауызекі сөйлеу тілінде білсе де, қазақ тілінде ойын еркін айтып, сауатты жаза алмай келген болатын. Бірақ оқытушылардың көмегімен тез арада кирилл жазуын меңгеріп, өз ойларын мазмұндап айтуға, қорытып жазуға үйреніп келеді. Бір қуантарлығы, елден жырақта жүрген қазақтардың көпшілігі өнерге жақын. Миллардтаған қытайдың ортасында жүріп, тілдерін ұмытпай, өз ана тілдерінде ән айтып, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, нақышына келтіре билегенде өнерлеріне басыңды иесің.
Аймер Дәулет осындай өнерлі жастардың қатарынан. Қытай мектебін тамамдаған қазақ қызының арманы болашақта қазақ тілін жетік меңгеріп, өзі қалағандай дәрігер болу. Жауапкершілігі жоғары, адамның жанына аса қажетті мамандықтың иесі болу арманшыл қыздың бала жастан қалауы болған көрінеді. Оны қазақ еліне әкелген де осы тілегі. Өз сөзінде ол қытай елінде медицина саласының озық әдістерінің көптігін, оларды өз атамекеніне әкеліп, емге зәру науқастардың пайдасына жаратсам дейді. Шетелдік тыңдаушылардың елге келгендегі бірінші мәселесі жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу болса, Аймер бұл жолды өнерінің арқасында оңай жүріп өтті деуге толық болады. Оқу жылы бойы түрлі концерттер, әдеби кештерге арналған сахналарда Аймер өнерін көрсетіп, танымалдыққа ие болды, өнері үшін бірнеше рет марапатталды да. Биылғы жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай ұйымдастырылған кеште жапон құрбысы Риса Икоидзе екеуі халық әнін және Аймер жеке дауыста ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген сенің бала күндерің» әнін орындап, жүлделі бірінші орынды иеленді. Аймер аккардеонда халық әндерін құйқылжыта орындап, көңілді ортаның гүлі болды, оның мың бұрала билеген биі көпшілік назарын бірден аударады.
Университетте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Фараби әлемі» атты студенттердің халықаралық ғылыми конференциясында аға оқытушы Г. Ә. Машинбаеваның жетекшілігімен «Суды үнемдеу» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі үшінші орынға ие болды. Өнерлі қандас қыз қазіргі уақытта қазақша үйренумен қатар, орыс тілін де оқып, университетке түсу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жүр. Шетелдік қазақ қызының талабына нұр жауып, діттеген оқу орнына түсіп кетуіне тілектеспіз. Университетіміздегі студенттердің қатарына осындай өнерлі жастардың қосыла беруін құптаймыз. Бүгінгі саналы студент, болашақ сапалы мамандарды қалыптастырады. Университет ұстаздарының мақсаты сапалы маман дайындау. Сапалы маман ел болашағын жарқын ететінін ұмытпай, осы жолға бар ресурсымызды жұмсайық.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Г. Ә. Машинбаева, Г. Ә. Мұсаева, Р. И. Дүйсенбаева, М. П. Ешимов
Қытайдан келген өнерлі қыз
- ramuk_b
- 19 сәуір 2024
- 558
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰУ, Білім мен ғылымның ордасы, Өнерлі қандас қыз
Ұқсас жаңалықтар:
«Тіршілік көзін» үнемдеу туралы тақырып тарқатылды
Универститетте оқитын студенттерге сапалы білім берумен қатар, түрлі бағытта тәрбие беру оқытудың басты принциптері болып табылады....Студенттердің ғылыми конференциясы өтті
Бүгін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас...Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық..."Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"
Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.