Сайтқа кіру Тіркелу

Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жылу физика және техникалық физика» кафедрасына қарасты «Стандарттау және Сертификаттау» мамандығының 2 - курс студенттерімен «Планетаны сақтау: Жер күніне арналған ашық пікірталас» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Жыл сайын 22 сәуірде біз ортақ үйіміз яғни Жер планетамызға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске түсіре отырып, Жер күнін атап өтеміз. Бұл күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар экологиялық мәселелерді талқылауға және әрқайсымыз планетаны сақтауға қалай үлес қоса алатынымыз туралы ойлануға жиналады.
"Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау" тәрбие сағаты қоршаған ортаға қатысты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік береді. Біз климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы және т. б. мәселелерін қарастырдық. Пікірлер мен тәжірибелермен бөлісу бізге мәселенің ауқымын жақсы түсінуге және оларды шешудің жолдарын табуға көмектесті.
Сонымен қатар, кураторлық сағат білім мен мотивация алаңы ретінде қызмет етті десек те болады. Біз ғылыми фактілерді зерттей отырып, қоршаған ортаны қорғау бастамаларының ең жақсы тәжірибелері туралы және экологиялық проблемаларды азайту үшін қандай нақты қадамдар жасай алатынымыз туралы ашық пікірталас өткіздік. Бұл ашық сабақтың маңызды бөлігі - пікір алмасу арқылы білімімізді арттыру. Біздің көзқарастарымыз бен ұмтылыстарымызбен бөлісу арқылы бізге бір - бірімізді қолдауға, идеялармен бөлісуге және іс - әрекеттен шабыт алуға мүмкіндік берді.
Біздің мақсатымыз - қоршаған орта мәселелерін талқылап қана қоймай, оларды шешуге үлес қосу. Біз бірге әлемді өзіміз үшін және болашақ ұрпақ үшін жақсарта аламыз. Бірге жиналып, планетамызды сақтау үшін күресті жалғастыра отырып, осы Жер күнін ерекше етейік. Бұл кураторлық сағат – студенттер үшін жылы қарым - қатынас орнату, ізгі қасиеттерді сақтауды іс жүзінде көрсетіп, Жер планетасына деген мейірімділікті, экологиямыз жайлы білімді ортаға салған көңілді әрі қызықты өткен іс - шара болды!

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
«Жылу физика және техникалық физика» кафедрасының
1 - курс магистранттары Кенжетаева А., Заутбек Б., Молдашева Г.
Аға оқытушы, доцент Мукамеденқызы Венера
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мерекесі: жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының әлеуметт ...

Наурыз мерекесі: жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының әлеуметт ...

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының 1 курс магистранттары "Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше және қызықты Наурыз...
ҚазҰУ - да өткізілген «Болашақта жасанды интеллект бізге көмектесе ме немес ...

ҚазҰУ - да өткізілген «Болашақта жасанды интеллект бізге көмектесе ме немес ...

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихы мен дәстүрі бай Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университетте жоғары білім...
Біздің өміріміздегі әлеуметтік желінің рөлі

Біздің өміріміздегі әлеуметтік желінің рөлі

Әлеуметтік желі - бұл біздің күнделікті өмірімізде таптырмайтын платформалар. Әлеуметтік желілердің басты мүмкіндіктерінің бірі - бізден алыс...
Жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға берілетін тәрбиенің маңы ...

Жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға берілетін тәрбиенің маңы ...

Тәрбие - тұлғаны әлеуметтік - мәдени нормативті үлгілерге сәйкес қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында оны мақсатты түрде...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×