Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің 90 - жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ - ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Бүгінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл - Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401 - 450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай - ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады. Әр саның нағыз маманы болып шығуна көмек беретін жоғары оқу орнымызда айырықша орын алатын, бүгінгі таңда маңызы зор психология пәні де қарастырылып, жоғарғы білім береді.
Психология – қоғамда өзіндік орны бар, адам өмірінде маңызды рөл атқаратын сала болып табылады. Психологияны білу және ұғыну адам өмірін біршама жеңілдетіп, оны одан сайын түрлендіре түседі. Сонымен қатар, бұл сала ең алдымен өз - өзімізді танып - білуге, мінез - құлқымыздың қалыптасуына, біздің қоршаған ортамыздағы адамдардың сана - сезімін, ішкі жан дүниесін түсінуге және тағы да сол сынды нәрселерді ұғынуға көмектеседі. Осының арқасында біз адамдардың не істейтінін және не үшін істейтінін және қалай өзгеріп, өсе алатынымызды білеміз. Психологияны өмірдің барлық салаларында пайдалануға болады. Психология жалпы денсаулықты жақсартудың пайдалы құралы бола алады. Жан мен тәннің саулығы сананың таза болуында. Сол себепті 21 - ғасырдың өзекті әрі қажетті пәні психология арман мен мақсатқа жетелейтін күш ретінде саналады. Барлық адам болашағы бұлыңғыр болғандықтан алға қарай жылжу үшін, келесі күннен үміт күтіп, жаңа күннің есігін ашу үшін алдына мақсат қояды. Дәл осы мақсат адамды алға қарай жетелейді, өмір сүруге мотивация береді. Бірақ мақсат өз уақытында орындалмай жатқанда іштей өзімізден сұраймыз «неге мен мақсатыма жете алмаймын?». Бұл сұрақтың жауабын біз психология дәрісінде қарастырып, Нұржамал Сейдалиевнамен бірге жауабын іздеп көрдік. Ең біріншіден сіз өз мақсатыңызға сенуіңіз қажет. Мысалы мақсат ретінде кәсіп ашу ойыңызда болса, өзге адамдардың айтқан әңгімесіне ермей, өз дегеніңізді орындауға бар күшіңізді салыңыз. Себебі сіз жарты жолдан сынып қалатын болсаңыз, мақсат өз мақсатын орындамайды. Сенімді түрде ақылмен шешім шығарып, тәуекел ете білуіңіз қажет. Екіншіден дұрыс жоспарлап, мақсатты егжей - тегжейлі зерттеп, дедлайнды өз щамаңызға қарап қойыңыз. Ірі мақсаттарды орындау әдетте қиынға түсіп жатады. Бұл жағдайда ірі мақсатты кіші мақсаттарға айналдырып, әрекет етіп көріңіз. Үшіншіден шыдамдылық. Өмірде барлығы бірден және тез орындалмайды. Сабыр түбі сары алтын демекші, сабырық таныту мақсатқа жетудің бірден - бір кілті. Және еі бастысы мақсаттарыңыз жүрекпен үндессін. Бақытқа жету материалдық мақсаттармен өлшенбейтінін еске ала кетейік. Тұла бойыңыздағы құндылықтарды шыңдап, адам ретінде дамуды алға тартыңыз. Қарапайым болып жатқан жағдайлар сіздің мақсатыңыз болуы да мүмкін. Стресс, күйзеліске түсі мақсат жолында өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді! Өзіңізге сеніңіз.
Қорытындылай келе, мақсаттың түрін, атауы мен қалай жету жолдарын қарастырдық. Алда кездесетін кедергілерге төтеп беруге біздің күшіміз жетеді. Арманы мен мақсаты орындалған бақытты жан болуыңызға тілекшіміз. Және қара шаңырағымыз бізді өмірлік біліммен де қамтамасыз етіп жатқаны қуантады. Оқырман, сізге кішкентай болса да пайдамыз тисе қуаныштымыз. Мақсатқа жету өз қолыңызда!
Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Тохтарбай К., 1 курс студенті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Мақсатқа жете алмаймын неге?
- Тохтарбай Кербез
- 28 сәуір 2024
- 3509
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мақсатқа жете алмаймын неге, психология
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның мотивациялық сферасы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – дәстүрге бай, оқу - ғылыми қызметте көп жылдық тәжірибесі бар университет....ҚазҰУ университеті: Психологиялық білім
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жай ғана оқу орны емес, ол Қазақстанның білімінің, тарихи мұрасының және интеллектуалды дамуының символы....Психология саласындағы мотивация ұғымы
Университеттің аса бай тарихы, мол мұрасы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты....Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы
Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...Психология саласындағы мотивация ұғымы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие әрі Қазақстан білімі мен ғылымының ірі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.