Сайтқа кіру Тіркелу

Темперамент - жеке қасиеттер жиынтығы

Темперамент - жеке қасиеттер жиынтығы

Кіріспе
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қара шаңырағы, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сонау 1934 жылы өз есітерін ашқалы отандық кәсіби мамандарды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда оқу орны 16 факультетті құрап, 180 сала бойынша оқу жүргізеді. Осы даңқты оқу орнының айбынды студенті және оқытушылары ретінде, әр кез сәті түсе салысымен ҚазҰУ - ымыздың әлемдегі топ 200 ЖОО қатарына кіретіндігін айтып бір мақтанып аламыз. 90 жылға созылған адал еңбек нәтижесінде университетіміз нық қадамдармен алға жылжып, Орта Азиялық білім беру нарығындағы көш бастаушыға айналғаны өтірік емес. Әрбір 16 - 17 жастағы жасөспірімге “Қай оқу орнына түскің келеді?”- деген сауалды қойған кезде ҚазҰУ - ымызды атайтыны да шындық. Ал осы арманшыл жасты бізге келгенде не күтіп тұр?
- Әрине, ең алдымен ҚазҰУ бұл - сапалы білім. Оқу орнымыз Шанхайлық бесстік ұйымның ресми білім беруші серіктесі болғандықтан білім сапасына қызығып келіп оқып жүрген Үндістан, Қытай, Ресей азаматтары да аз емес. Оның үстіне, ғылым мен білім интеграциясы жобасы РМК “Ғылым ордасы” базасында ҚазҰУ магистранттар мен докторанттар дайындау бағдарламасы көрсетілген.
- Дамушы ортаның болуы. Оқу орынында нағыз үздіктер оқитындықтан, және “Қазақ университеті” газеті секілді студенттік ұжымдар тұрған кезде студенттік өмір туралы уайымдамауға болады.
- Сан түрлі жобалардың болуы.”Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институты”; “Ғылыми жарялымдар”; “Болашақ көшбасшылар саммиті”;”Әл - Фараби радиосы”; “Almaty. 2017” секілді университеттік жобалар аясында мыңдаған студент қайталанбас тәжірибе алып, керемет уақыт өткізді.
Темперамент адамның бойындағы жетекші қасиеттердің бiрi болып
табылады. Темперамент туралы зерттеулер осыдан екі жарым мың жыл бұрын туындап, зерттеу сұрақтары әлі күнге дейін таусылмауда. Темперамент - тәннің биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың дамуының ерекшелiктерiне негізделген ешкімге ұқсамайтын айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Адамдар арасындағы шешім қабылдау қасиетіне, әрекет нақтылығына, басқа адамдармен қарым - қатынасына қарай индивидуалды типке жатқызу психология ғылымының осы бір саласында ерекше мәнге ие.
Айта кету керек дүние, темперамент адам баласының ақылын, дарынын анықтап көрсетпейді. Барлық тип мүшелерінен де аса жоғары интеллектуалды қасиетті байқай аламыз.
Әр темпераментке жеке тоқталатын болсақ, олардың жалпы саны төртеу.
Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады.
Сангвиник — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп - сәтте өзгереді.
Холерик - эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі.
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс - тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң.
Сонымен қатар, бір типті екінші типтен артық немесе кем деп бөле жару да үлкен қателік. Әр тұлғаның құнды қасиеттеріне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.
Бұл бөлініс адам баласына жақсы қарым қатынас құрып, қоғамның үйлесімділігіне және ең бастысы адамдардың бір біріне түсіністік көрсетуіне әкелетін үлкен ілім. Неміс философы Иммануэль Кант бөлінісіне сәйкес, сезім темпераменттері - сангвинник пен меланхолик болса, іс - әрекет темпераменттеріне барлық типтер жатады. Біз, психологиялық сауатты адамдардан тұратын қоғам құрып, сезім темпераменттерінен астыртын іс әрекет күту секілді қателіктерге бармауымыз тиіс.

Қорытындылай келе, темперамент типтерінің алуан түрлілігін зерттеу өте қызық әрі ерекше тәжірибие екенін атап өткен жөн. Сангвинниктің холерикке ұқсамайтындығы, ал меланхоликің сангвинникке аздаған ұқсастығын бақылау ерекше тәжірибелік әдістерге жатады. Осы ерекше адами қасиеттер мен мінез әркелкілігін зерттеп білу мүмкіндігін тудырып отырған - психология ғылымы қазіргі таңда ең маңызды адами мәселелермен айналысуда.

Психология пәнінің маңыздығы әрбір адамға қазіргі таңда өте қажет салалардың бірі. Психология адамның барлық мінез - құлқын, жүйке жүйесінің әрбір клеткасын, әлеуметтік ортада өзін қалай ұстау керектігін үйретеді және ең бастысы стресстен арылуға сондай - ақ көңіл күйді сыйлайды

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Экономика мамандығының 1 курс студенті
Экономика кафедрасы.
Қобландиев А. Н
Әбіләкім Р., 1 курс студенті
Құқық қорғау мамандығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×