Сайтқа кіру Тіркелу

Есепшілер күніне арналған тақпақ

Есепшілер
Есепшілер апайлар,
Бар тағы да ағайлар.
Айлық берер қуантып,
Шуақ шашар арайлар!

Есепшілер күнімен
Құттықтаймын сіздерді,
Есепшілер күнімен.
Оныншы қараша келетін,
Бақытты күн бүгін ең.

Құтты болсын мерекең
Есепшіер апайлар,
Құтты болсын мерекең.
Есепшіер күнінде,
Арта берсін берекең!

Бухгалтер ағайлар
Бухгалтер ағайлар,
Есептеуге жауапты.
Береді олап ай сайын,
Айлықтарды сауатты.

Есепшілер күнінде
Есепшілер күнінде,
Біздер тақпақ айтамыз.
Мерекемен құттықтап,
Үйімізге қайтамыз.

Бухгалтерлер барында
Бухгалтерлер барында,
Беріледі айлықтар.
Адал болса ісіне,
Орнайды бар жайлықтар

Бухгалтер апайлар
Бухгалтер апайлар,
Құтты болсын мерекең.
Арта берсін әрдайым,
Шаттығың мен берекең.

Бухгалтер боп жүремін
Мен өскенде үлкен боп,
Бухгалтер боп жүремін.
Аппақ адал жолменен,
Бақытты өмір сүремін.

Есепшімін қараңыз
Ең білікті, жауапты,
Есепшімін қараңыз.
Есепшілер ұқыпты,
Жандармыз біз дарамыз.

Бухгалтерлер
Бухгалтерлер еңбегі,
Қызметі тамаша.
Айлықтарды береді,
Қуандырып балаша.

Есепшілер
Есепшілер апайлар,
Бар тағы да ағайлар.
Айлық берер қуантып,
Шуақ шашар арайлар!

Есепшілер көңілің
Есепшілер асқақтап,
Биік болсын көңілің!
Есепшілер күнінде,
Жайнай түссін өмірің!

Қарашаның онында,
Жарқырасын күйіңіз.
Мерекелік күніңде,
Арта берсін сыйыңыз!.

Еңбегіңіз ақталып,
Көріңіздер жемісін.
Есепшілер жасай бер,
Кеңейіп бұл өрісің!

Есепшіер құтты болсын мерекең
Есепшілер құтты болсын мерекең,
Атаулы күн қарашаның оны бүгін.
Мерекеде арта берсін берекең,
Сәттілікке толы боп әрбір күнің.

Мерейлерің үстем боп, жарқыраңдар,
Еңбектерің жанданып, жеміс беріп.
Көңілдерің көтеріліп, ортаймасын,
Қадамдарың оң болып, жеңіс беріп.

Арайлы таң шуақты нұрын шашсын,
Жарқыраған жүздерің күлім қағып.
Шаттана түс Есепшілер бақ таба түс,
Аспаныңда жұлдыздарың жымың қағып.

***
Дебит, кредит құлағында ойнаған,
Есепшілер мерекесін тойлаған.
Мерекеңіз құтты болсын әрқашан,
Арманыңыз орындалсын ойлаған.

Кіріс, шығыс есептеп,
Сандары сөйлер кесектеп.
Есепші деген мамандық,
Сандарды жүрер жетектеп.
Ел ауқатын көтеріп,
Ерлікті істер етелік.
Есепшіге зор құрмет
Ететін күнге жетелік.

Мамандықтың бәрі керек, пайдалы
Есепші апай білімді де, жайдары.
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі,
Сізде болсын өмірдің бар тойлары.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
30 - жас туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме)

30 - жас туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме)

Орда бұзар отыз жасқа келдің жаным, Құтты болсын жеке меншік бұл мерекең. Асыл жарым, отағасы отбасымның, Арта берсін күн сайын бұл берекең....
Тәрбиешілерге арналған тақпақтар

Тәрбиешілерге арналған тақпақтар

Тәрбиеші апайлар, Балаларға нәр берер. Таңғажайып күйге еніп, Бала алдында түрленер....
30 жас сіңілім туған күніңмен

30 жас сіңілім туған күніңмен

Аппақ жүзің жадырап баурап алар, Жан сіңілім құтты болсын туған күнің. Отыз жасың өміріңе еніп отыр, Қуандырып, шаттандырып жаным бүгін....
Бүгін үлкен мереке құтты болсын!

Бүгін үлкен мереке құтты болсын!

Ынтымақ пен бірлік боп сыйластықтар, Қазақ елі жарқырап, жайнай берсін. Әнұраны шырқалып бар әлемде, Көңілде күй тербелеп, ойнай берсін....
30 - жас, қызыма туған күнге тілек

30 - жас, қызыма туған күнге тілек

Отыз жасқа аяқ бастың гүлім менің, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Жарқырасын жұлдызың күлім қағып, Сәттілікте жалғасып әрбір күнің....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×