Сайтқа кіру Тіркелу

Шәкірттердің жетістіктері – ұстаздардың табысты еңбегінің жемісі

Шәкірттердің жетістіктері – ұстаздардың табысты еңбегінің жемісі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа заман талаптарының ең өзектілерінің бірі – әлемдік білім және еңбек кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Жаһандану жағдайында қоғамның үнемі өзгеріп, дамып отыруы білім беру жүйесінен жаңа көзқарас пен үздіксіз жаңаруды талап етеді.
Осы бағытта әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi. university жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы оқу - ағарту үдерісін қазіргі заманауи талаптарға сай ұйымдастырып келеді. Кафедра ұжымы шетелдік тыңдаушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына, еліміздің мәдени және әлеуметтік ортасына бейімделуіне барынша жағдай жасайды.
Сабақтар мазмұнды әрі қызықты өтіп, тыңдаушылардың білім деңгейі мен жеке қабілеттерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Кімнің оқу үлгерімі жоғары, кімнің өнерге бейімі бар немесе қоғамдық жұмыстарға белсенді екені түрлі сайыстар мен іс - шаралар арқылы байқалып отырады.
Кафедра жұмысының ең үлкен жетістігі – 8 – 9 ай бойы білім алған шәкірттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Білім гранттарын жеңіп алуы. Биыл да тыңдаушыларымыз жақсы көрсеткіш көрсетіп, өз қалаған мамандықтарына түсіп, студент атанды. Бұл – ұстаздардың кәсіби еңбегінің айқын жемісі.
Шәкірттеріміздің табысына шын жүректен қуаныштымыз! Оларға әрдайым сәттілік серік болып, болашақта мықты маман атанып, еліміздің дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті азаматтар қатарынан көрінулерін тілейміз!

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушылары
Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Al - Farabi Kazakh National University) Азияның жетекші 30 университетінің қатарынан лайықты орынды...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Сапалы білім беру маңызы

Сапалы білім беру маңызы

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...
Жақсылық жасау - игі іс

Жақсылық жасау - игі іс

Жақсылық жасау дегеніміз біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. - Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×