Еліміздегі ең алғашқы университеттерінің бірі - Қазақ Ұлттық университеті білікті де білімді студенттерді жыл сайын шығаруда. Университет төрінде өткізілетін пресс конференциялар, дөңгелек үстелдер біршама ауқымды мәселелерді шешуге көмектесіп жатыр. Сәуірдің 4 - 6 аралығында өткен "Фараби әлемі" халықаралық конференция бірталай қызу мәселелерді ой - талқыға салып, тың жобаларға толы болды. Оқу орнының елімізде "білімнің қарашаңырағы" атауына ие болуы бекер емес. 90 гектар аумақта 30000 студент пен 4000 - ға жуық профессорлар 67 кафедрада білім алып, білім беруде. Бұл көрсеткіш басқа университеттерде жоқ. ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылып, «QS Asia University Rankings 2023: Central Asia» рейтингінде 1 - ші орынды иеленді, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингінде «5 жұлдызды» үздік алған Орталық Азия өңіріндегі бірінші және жалғыз жоғары оқу орны және "Times Higher Education" (THE) WUR - 2023 университеттерінің әлемдік рейтингінде ҚазҰУ 1201 - 1500 позициясын иеленді бұл көрсеткіш әлем бойынша барлық 30000 университеттердің ішінен көрсетілген болатын. Ол таңғалдырады. 90 жыл бойы еліміздің түкпір - түкпіріне мықты маман иелерін даярлап, әлемдік рейтингтерден көрінуде. ҚазҰУ 16 факультеттен тұрады, соның бірі философия және саясаттану факультетінің психология дисциплинасы жайлы сөз қозғамақпыз.
Бір семестр бойы психология туралы түсінік қалыптасты. Еліміздегі "Рухани жаңғыру" атты бағдарламаға сай білім берілді. Психологиядағы ерік түсінігі, мотивация, стресс менеджмент сияқты тақырыптардың түр - түрі меңгерілді. Осының арасынан қазіргі таңға өте актуалды және релевантты түсінік - мотивация жайлы бірер сөз айтайық. Қазіргі уақытта кей адамдар бір нәрсені соңына дейін іске асыра алмауда. Оның себебі осы мотивацияның, белгілі бір тұрғыда стимулдың аз болуында.
Мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді. Психологияның көзқарасы бойынша, мотивация - адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Ұғым адамның нақты бір мақсатка жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс - тұрыста «Адам нені калайды?», «Ол неге ұмтылады?» сұрақтарына жауап беріледі екен. Адамның талабы әркашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты. Адамдарда әрдайым бір нәрсеге мақсат пен кажеттіліктер бар. Қажеттілік бұл бір мұқтаждықтың қанағаттануы, ол адам үшін приоритет болып табылады.
Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын - ала анықтау мәселесі маңызды. Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшеліктері бар:
•адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады. Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі болып табылады. (А. Н. Леонтьев, Мильман);
•адам мотивациясының биологиялык мотивациядан айырмашылығы - қоғам қажетіне жауап береді.
•адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнның тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор. (Иванчук, Симонов)
•адам мотивациясы - интеллект, сөйлеу, санамен тікелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);
•адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады.
•адам мотивациясынын тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдык дербестігі организм қалпына байланысты болады.
•адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский);
•іс - әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливелентті қатынасы (Додонов, Имедадзе);
•адам икемділігі, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)
Бұл атап айтқандардың бәрі де адамның мотивация тұрғысынан ерекшеліктері.
Жалпы осы мотивация ұғымы әр іс - әрекеттерімізді бастар алдында дұрыс болуы керек екен. Егер де бір нәрсені дұрыс ынта жігерсіз бастайтын болсақ, ол іс - әрекеттің нәтижесі оң болмайды. Егер бір нәрсенің теріс нәтижелі болып шықпауын қаласақ, онда мотивацияны ынталандыратындай етіп ойлау керек. Қорытындылай келе, мотивация ол адамның жетілуіне қозғаушы күш, оны пайдалана отырып өте көп жетістікке жетеміз!
Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Мейрамбекұлы Ұ., 1 - курс студенті
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Мотивация - қозғаушы күш ретінде
- Ulykbek
- 27 сәуір 2024
- 309
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мотивация, адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарын ...
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...Ұйымдағы бірлік – табысты нәтиже
Қазіргі таңда университетте жоғары сапалы кадрларды дайындау мақсатында оқытылатын пәндердің бірі – Басқару психологиясы....Білім биігінде: басқару психологиясы
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін ...
Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.