Технология заманы
Ішіне терең сыр тұнған
Тарихтың қалың қатпары,
Биікке қарай ұмтылған
Баспасөз баспалдақтары.
Ақылды жанның өтелген
Парызы ғой деп ұғындым.
Толағай табыс әкелген
Жетістіктері ғылымның.
Бір ойың ойға ұласып,
Іздегеніңді табасың.
Рухани байлық – шын азық
Өсірген Адам санасын.
Жетелер ойды заңғарға,
Тәрбие-тәлім алған мол.
Сүйікті оқырмандарға
Газет пен журнал салған жол.
«Кім сөйлеп тұрған мұнда?» деп
Өзіне жұртты қаратты.
Соққандай таудан жаңа леп –
Радио хабар таратты.
Ғасырға тоқтам болмаса,
Айлар мен күндер зырлайды.
Ғалымды қоғам қолдаса,
Орнында заман тұрмайды!
Тамаша дүние шыққанын
Жұрт көрді бүтін-бөлшектен.
Әлемнің жаңалықтарын
Көгілдір экран көрсеткен.
Алуан түрлі түсі бар
Бейне мен дауыс біріккен –
Апыр-ай ғажап күші бар
Адамды қайта тірілткен!
Бас алмай адам қарайтын
Әлемді кетер аралап.
Әп сәтте хабар тарайтын
Ғаламтор деген ғаламат!
Бәрі де іске қосылды,
Бірімен бірі үндескен.
Отырмын көріп досымды
Жер жаһаннан тілдескен.
...Келеміз ұшқыр ғаламның
Ауасыменен тыныстап,
Бәсеке қызған заманның
Таразы басын тең ұстап.
Билегенменен сананы,
Түспесін деймін бас құны,
Адамды басып барады
Ақпараттардың тасқыны!
Айбатыр Сейтақ,
ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі
Технология заманы
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2020
- 1940
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Технология заманы, Технология заманы туралы өлең, Айбатыр Сейтақтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіз елдің таңы – құт
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға, Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да... Еліме тәуелсіздік келіп жетті Мыңжылдық күрестердің арқасында!...Анама хат
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді Хақ тағалам!...Асқар таудың өлгені
Асқар таудың өлгені- Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені- Аса алмай таудан қалғаны....Білім және арманға қадам
Білім өмір бұлағы боп ағады, Байлық пенен ақша бұзған сананы Сол сананы түзеті енді қиынғой Жою керек ақша деген арамды...Түркістан
Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.