Сайтқа кіру Тіркелу

Тұлғаның мотивациялық сферасы

<< Тұлғаның мотивациялық сферасы>>
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан бойынша ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында көш бастап тұр. Тарих қойнауы 1934 жылдан бастау алып, қазіргі уақытқа дейін жеткен белестері мен жетістіктерін санап айту мүмкін емес. Посткеңестік елдер арасында, әлемдік үздік университеттердің қатарына бірең - сараңы ғана кіреді, сол оқу орындарының қатарына КазҰУ - да бар. QS әлемдік рейтингінде 175 - орынға ие болған әл - Фараби әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енген жалғыз Қазақстандық университет болып табылады. ҚазҰУ пәндік рейтингі бойынша QS рейтингінде екінші жыл жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, серпінді түрде алға жылжуда. ҚазҰУ - ға қабылдау мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісім - шарт негізінде жүзеге асырылады. 180 - нен астам мамандық бойынша мамандар даярланады. Осы мамандықтардың 17 - ін даярлау бағытында үздіктер көшінде. Оқу орны қабырғасында психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Біз 1 курс көлік қызметтері мамандығында даярлау сабақтары қатарында психология пәнін қатар оқимыз.
Психология біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады, өзімізді және басқаларды түсінуге және айналамыздағы әлеммен тиімді әрекеттесуге көмектеседі. Психологияның маңыздылығы біздің өміріміздің барлық салаларында, жеке қарым - қатынастан бастап кәсіби өсуге дейін көрінеді. Психология пәнін және оның ерекшеліктерін түсіну жеке және айналамыздағы адамдардың өміріндегі қиыншылықтармен күресе білуге өз әсерін тигізеді. Ал бүгінде біз психология ғылым ретінде өсіп келе жатқанын сеземіз, өйткені бұл қазіргі қоғамда әрбір адам өзін табатын өмір саласы.
Экономика факультетінде психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Үздік пән мұғалімдері көптеген тақырыптарды егжей - тегжейлеріне дейін түсіндіріп, ашық - талқылау жүргізеді. Сондай тақырыптардың біріне, бүкіл әлемде қызу талқыланатын “Тұлғаның мотивациялық сферасын” алдық.
Мотив (латын тілінде movēre - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс - әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, "арнайы" мінез - құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
Мотивация - адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Мотивация адам өмірінің көптеген сәттерінде қажет болады. Мотивация адамның алға жылжуға, белестерді бағындыруға көмектесетіп, істі бастауға құлшынысын арттыратын алғышарт деп атауымызға болады. Мотивация – адамды белсенді әрекетке итермелейтін күш. Табысты бизнесті жүргізу үшін мотивация оның иелері үшін де, қызметкерлер үшін де маңызды рөл атқарады. Тәжірибеде қолданылатын мотивацияның әртүрлі теориялары мен әдістері бар.
Персоналды мотивациалаудың американдық үлгісі: Американдық компаниялардағы мотивация тәсілі қызметкерлердің белсенділігін ынталандыруға негізделген. Американдық мотивация моделінің жетістігі американдықтардың жеке табысқа және әл - ауқаттың жоғары деңгейіне жетуге бағытталғандығына байланысты. Икемді сыйақы жүйесінен басқа, американдық компаниялар қызметкерлерді ынталандырудың материалдық емес әдістерін қолдануымен сипатталады. Компания қызметкерлері әдетте мыналарға қол жеткізе алады:
•жұмыс беруші төлейтін медициналық сақтандыру;
•біліктілікті жоғарылату курстары;
•тегін түскі ас;
•корпоративтік іс - шаралар;
•бірлескен сапарлар.
Осылайша, мотивация табысқа жетуде және тапсырмаларды орындауда шешуші рөл атқаратыны түсінеміз. Ол қиын сәттерде бізді қолдайды, кедергілерді жеңуге көмектеседі және бізді тұрақты дамуға ынталандырады. Мотивацияны зерттеу бізді әрекет етуге не шабыттандыратынын, қандай мақсаттарды көздейтінімізді және өнімділікті қалай арттыруға болатынын түсінуге көмектеседі. Мотивациялық механизмдерді түсіну әлемдік тәжірибеде қызу жүреді. Осылайша, өз мотивация және оларға қалай қол жеткізуді білу бізге мағыналы және қанағаттанарлық өмір құруға көмектеседі.

Тленчиева Н. С.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Бейсенбай Мейірлан
Көлік қызметтері 1 курс студенті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұйымдағы бірлік – табысты нәтиже

Ұйымдағы бірлік – табысты нәтиже

Қазіргі таңда университетте жоғары сапалы кадрларды дайындау мақсатында оқытылатын пәндердің бірі – Басқару психологиясы....
Мақсатқа жете алмаймын, неге?

Мақсатқа жете алмаймын, неге?

Көп адамның көкейінде арман мен мақсатқа қатысты сан түрлі сауал бар. «Қалай армандаған дұрыс, мен мақсат қоя алмаймын, неге арманыма жетпеймін»...
Білім биігінде: басқару психологиясы

Білім биігінде: басқару психологиясы

Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...
«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін ...

«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін ...

Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×