Сайтқа кіру Тіркелу

Мотивация не үшін керек?

Мотивация не үшін керек?

Қазақстандағы шоқтығы биік жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайтып, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатқан ұзақ жылдар бойғы тарихы бар оқу орны Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ. ҚазҰУ “ World university Rankings” QS дүниежүзілік танылған және беделді халықаралық рейтингте Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан жалғыз болып әлемнің үздік ЖОО - ларының қатарына еніп, 150 орынға ие болды. Осылайша, жетекші Қазақстандық әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия мен ТМД - дағы теңдессіз көшбасшы университет болды. QS – әлемдегі барша мемлекеттер таныған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі.

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұстаздарының жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Сол тақырыптардың бірі қоғамдағы өзекті, керек тақырыптардың бірі мотивация.

Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі. Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және кешіру әдісі. Бұл әдіс көбінесе өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылған. Бұл әдістің негізгі ойы бұл - сен бірденкеге жете аласын немесе жете алмасан алдындағы қорқыныш. Бірақ бұл жерде көбінесе қамшы жұмыс істейді. Мысалы жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса онда бұл саған стимул береді. Немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын десеніз, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеніз стимул оданда күштірек болады. Бірақ бұл әдіс уақыт өтісімен администрациялық жүйе мен экономикалық санкцияға және стимулға айналып кеткен. Адамдық фактордың көтеріліуімен психологиялық мотивация әдістері пайда болған. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация – Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.

Негізінен алғанда, адамның қызметке деген мотивациясы — адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл күштер адамның іші мен сыртында болады және адамды кейбір істерді жасауға мәжбүр етеді. Сонда да басқа күштер мен адамның істерінің арасындағы байланыс өте күрделі әрекеттестіктермен орталықтандырылған, ақырында әр түрлі адамдар бірдей күштердің бірдей әрекеттерін әр қалай сезінеді. Көбінесе оның, адамның тәртібі, олардың жасайтын әрекеттері кейбір әсерлерге деген реакциясына зиян келтіреді, кейін сонда оның әсер ықпалын жасау дәрежесі өзгеріп, тіпті ол әсер ететін тәртіп бағыты да өзгереді. Жоғарыда айтылғандарға қарай отырып, мотивацияға толықтырылған анықтама бере аламыз. Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді. Мотивацияның адам тәртібіне әсері бірнеше факторлардан тұрады, көбінесе индивидуалды және адам қызметімен кері байланыста өзгеріп кетуі мүмкін.

Қорытындылай келсек мотивация адамның ішкі және сыртқы күштерінің қысымымен айқын әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл мотивация деген күштер жиынтығы әр адамда бірдей реакция шақырмайды. Сондықтан мотивацияны бір мағыналы сөзбен айту мүмкін емес. Бірақ эмпиризмдік зерттеулердің негізінде мотивацияға әсер ететін факторларды суреттейтін бірнеше концепция өңделген болатын. Негізінен мотивация теориялары қажеттіліктердің әр түрлі топтарының адамның мінез - құлығына ықпал етуіне назар аударады. Бұл концепциялардың принципшіл айырмашылықтарына қарамасақ, олар адам мотивациясының әрекетіне жалпылық қайтаратын ортақ ұқсастығы бар. Өнер – адамдарды басқарады, ол үшін оқу керек және оған бір жеткілікті емес. Тәжірибедегі теорияларды ғана қолдана отырып, көздеген мақсаттарға жетуге болады

Психологияның қазіргі тандағы маңызы – адамдардың дамуында, тәжірибелерінде, жеке және саяси өмірінде ауызша әсер жасауға мүмкіндік беру. Бұл пән адамдардың эмоциялық, дамулық және менталды жағдайларын түсіну мен басқаруға көмек көрсетеді. Оның аспаптарының түсінігі, байланыстар туралы түсінігі мен жетілу механизмдері жаңа технологиялар мен құралдар арқылы қолданылады. Бұл саланың дамуы, саяси және саяси өмір бағытында да маңызды рөл атқарады. Солардың бірі адамдарды түсіну, яғни қазіргі таңда әсіресе жастар қауымы күнделікті түрлі желілерден(tiktok, instagram) әртүрлі информациялар естиді оның ішінде керек, керек емесі бар бұның бәрі миға ісер етеді. Мидың қабылдауына қиындық туғызады, соның әсерінен адам тез шаршап, ашушан болып келеді сол себептіде артық, керек емес информацияларды ажырата алып, мида сақтамау үшін психологиялық кітаптар оқып немесе психологқа жүгіну керек деп санаймын

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Тоқан Айзере., 1 курс студенті
Есеп және аудит
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сапалы білім беру маңызы

Сапалы білім беру маңызы

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарын ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарын ...

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...
Білім биігінде: басқару психологиясы

Білім биігінде: басқару психологиясы

Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...
«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін ...

«Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін ...

Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×