Сайтқа кіру Тіркелу

Құзырыңа келдім тағы жаратқан!

Құзырыңа келдім тағы жаратқан!

Көп нәрсеге қанық болды көзім шын,
Бәрі жалған!
Тек Ақиқат - Өзіңсің.
Иман берші Жарылқаушым Жаратқан,
Пендең Сені жан - тәнімен сезінсін!

Керек емес қу дүниенің ғажабы,
Ғажабымен қатар жүрер азабы.
Адамдар көп дүниеге құнығып,
Болып жүрген талайлардың мазағы.

Бүгін тағы Раббым саған жүгіндім,
Көтере алмай салмағы зіл жүгімнің.
Жеңіл қылып ауырымды,
Алдыңда,
Ақ болуын нəсіп етші жүзімнің.

Болса дағы сыртым - бүтін,
Ішім - мұң,
Шүкір деймін осы күнім үшін мың.
Налымаймын,
Тағдырыма ризамын,
Бəрін - бəрін кеш те болса түсіндім.

Сынағыңда кедергі көп,
Мұң басым,
Қолда, Алла!
Қолда, сағым сынбасын!
Аттай болып жүргеніммен өмірде,
Таппай жүрген бір бейбақпын мұңдасын.

Күлкі болдым мұң шағып ем Адамға,
Талай бардым мұндай ессіз қадамға.
Ойламаппын:
Сен тұрғанда пендеңе,
Шағым айтып,
Содан қайыр табам ба?!

Мына өмірде зырлап өтіп баратқан,
Үміт күттім ақ таңдардан әр атқан.
Шағым айтып,
Жабырқаған жаныммен,
Құзырыңа келдім тағы Жаратқан!
Санжар Ғұлама
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×