Сайтқа кіру Тіркелу

«Наурыз - ұлттық мереке» атты ашық тәрбие сағаты

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жылу физика және техникалық физика» кафедрасына қарасты «Стандарттау және Сертификаттау» мамандығының 2 - курс студенттерімен «Наурыз - ұлттық мереке» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Түркі тілдес халықтар үш мың жылдан бері тойлап келе жатқан жаңа жылдың маңыздылығы және дәстүрге айналған мейрамның ерекшелігі аталып өтілді. Наурыз мейрамына арналған іс - шара ұлттық құндылықтарды насихаттап, студенттердің қазақ халқының салт - дәстүрі, мақал - мәтелдері бойынша білімдерін сынауда нағыз сайыс додасы болды.
Біздің көздеген мақсатымыз – өскелең ұрпаққа қазақ халқы үшін дәл осы мейрамның ерекшелігін ұғындыру болатын. Бұл миссияны орындап қана қоймай, студенттердің патриоттық рухын да нығайта түстік.
Қатысушылар алғашында Наурыз мерекесі туралы өзара ақпарат алмасып, кейіннен өлең шумақтарды оқыды. Ұлттық тағамдардан дәм татылып, домбыра әуенімен ою - өрнек бойынша шеберлік сағаты жүргізілді. Нәтижесінде ата - бабамыздың ғасырлар бойы әсемдік үшін көркемделетін ұлттық орнаменттің жасалу жолдарын студенттер тәжірибе жүзінде игерді. Білім алушылар өздерінің жан - жақты, өнерлі екендерін танытты.
Сергіту сәті ретінде кең - байтақ еліміз бойынша викториналық сұрақтар қойылып, әр дұрыс жауап үшін тәттілер ұсынылды. Студенттер де, оқытушылар да өздерінің ыстық лебіздерімен бөлісіп, универ төңірегінде нағыз мейрам атмосферасы орын алды.
Бұл кураторлық сағат – студенттер үшін жылы қарым - қатынас орнату, ізгі қасиеттерді сақтауды іс жүзінде көрсетіп, адалдық пен адамдықты насихаттаған, ұлттық құндылықтар туралы білімдерін ортаға салған көңілді әрі қызықты өткен іс - шара болды!

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
«Жылу физика және техникалық физика» кафедрасының
1 - курс магистранттары Кенжетаева А., Заутбек Б., Молдашева Г.
Аға оқытушы, доцент Мукамеденқызы Венера
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау

Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жылу физика және техникалық физика» кафедрасына қарасты «Стандарттау және Сертификаттау»...
Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!

Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!

Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасындағы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл...
Наурыз мерекесі: жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының әлеуметт ...

Наурыз мерекесі: жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының әлеуметт ...

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының 1 курс магистранттары "Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше және қызықты Наурыз...
Наурыз – көктем мерекесі

Наурыз – көктем мерекесі

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деңгейінде Наурыз мерекесін атап өтуге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға барлық...
Жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға берілетін тәрбиенің маңы ...

Жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға берілетін тәрбиенің маңы ...

Тәрбие - тұлғаны әлеуметтік - мәдени нормативті үлгілерге сәйкес қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында оны мақсатты түрде...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×