«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт – дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, ағайын! Ынтымақ пен ырыстың басы әз Наурыз құтты болсын! Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар, құрметті қонақтар, бүгінгі күн біз үшін – дүбірлі күн! Ұлыстың ұлы күні наурыз баршамызға бақ – берекесімен келсін! Араздасқан ағайын татуласқан, табысқан күн, барша түркі халықтары бір – бірімен амандасып, қауышқан күн.
Дәл осы күні біз де сіздермен Қашар ауылында Наурыз мерекесінің дастарханында қауышып отырмыз!
Жүргізуші: Ендеше, ортамызға «Балапан»тобы бүлдіршіндерін шақырайық!
Ән: «Наурыз - думан»
Ортада қазақша оюлы көрпешеде әр топтан 2 анадан отырады. Ата – аналарда, жүргізушіде қазақша киінген.
1. Жүргізуші: Наурыз тойын тойлауға біз 3 ауыл болып жиналып отырмыз, 3топ «Бәйшешек», «Қызғалдақ», «Түймедақ» ендеше әр топтың Наурыз тойына арнаған құттықтауларын тыңдайық
1. Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса
2. Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр – әніміз
3. Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боялды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
4. Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз
Наурыз бұл – береке
Құтты болсын мереке!
5. Жарасып, жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап
6. Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
7. Уа, ағайын халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
8. Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
9. Келді, келді Наурыз айы,
Ән салайық бәріміз.
Келді, келді Наурыз айы,
Би билейік бәріміз!
10. Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Қуануда даламыз.
Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Шырқап әнге саламыз!
2. Жүргізуші: Сұрақ - жауап
1 - ші топ: Наурызды қалай түсінесің?
Күтілетін жауап: Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту.
Наурыз көже неден жасалады?
Күтілетін жауап: Ет, сүт, тұз, кеспе т. б.
2 - ші топ: Ұлттық киімдерді ата?
Күтілетін жауап: Камзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан, кимешек т. б.
Ұлттық ойындарды білесіңдер ме?
Күтілетін жауап: Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге, ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т. б.
3 - ші топ:
Қазақ ұлтына тән тойларды атаңыз.
Күтілетін жауап: Бесік тойы, сүндет тойы, тіл ашар тойы, беташар, қыз ұзату, үйлену тойы т. б.
Наурыз қай мезгілде және Наурызда қандай ерекшеліктер болады?
Күтілетін жауап: Көктемде, жаңбыр жауады, күн жылынады, Наурыз тойы тойланады, күн мен түн теңеледі.
Енді әр ауылдан келген қыздарымызды биге шақырайық
Би: «Қамажай»
3. Жүргізуші: Ендігі кезекте қазақ халқының ұлттық ойындарын көрсету.
Ойын: «Тақия алу»
Ойын: «Сақина салу»(Ата - аналармен)
Ойын: «Арқан тарту»
4. Жүргізуші: Сөз жұмбақ шешу: ( сөз жұмбақты ата – аналар мен балаларға жасырады)
1. Наурыз көжені немен ішесің?
2. Наурыз айында – осы мерекеге дейін қандай мерекені тойладық?
3. Әр мерекені немен безендіреміз?
4. Әжемнің орамалының түсі қандай?
5. Балабақшаға кімдер барады?
Жүргізуші: Сөз жұмбақтың жауабын дұрыс жауабын көрсетіп тексеріп шығуларын сұрайды.
Жауаптары:
1. Қасық
2. Аналар
3. Шар
4. Ақ
5. Балалар
Жалпы би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Осымен біздің Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ендеше «Балапан» тобынан, біз қазір Наурыз көжеден дәм татамыз
Қостанай облысы, «№2 Қашар орта мектебі» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі
Шабарова Зафура Мунировна
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
- ramuk_b
- 11 наурыз 2024
- 29635
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні, наурыз мерекесіне сценарий қазақша
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Наурыз – жыл басы
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт...Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды балаларға кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді халықтың дәстүрі дәріптеуге баулу....Наурыз
Наурыз тойын тойлап жатыр адамдар, Пісірілді тәтті дәмді тағамдар. Қазан толы наурыз көже жасалған, Наурыз айын " Мырзалы ай"- деп санаңдар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.