Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесінен

Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесінен
Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесіненЕліміз егемендік алғалы ширек ғасырдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген елдермен саяси, экономикалық қатынастар орнатып үлгерді. Бірақ шындығын айтқанда, басқа елдермен жүргізілетін түрлі қарым - қатынас тілі қазақ тіл болып отырған жоқ. Себебі отыз жыл қазақ тілін мемлекеттік тіл деп балабақшада, мектепте оқытқанымызбен елімізде тұрып жатқан өзге тілдің азаматтары да, орыс тілі бірінші тіл азаматтар да әлі де қазақ тілін ресми орындарда қатынас тілі ретінде, құжат тілі ретінде қолданбайды. Олар қазақ тілін әлі жеткілікті деңгейде білмейтіндерін алға тартады. Осы сәтте қазақ тілі қиын ба, оны тез үйрену мүмкін емес пе?- деген сауалдар туындайды. Ал егер қиын десек, кейбір шетелдіктердің тілді тез үйреніп алғандарының да мысалдары жоқ емес қой деген сансыз сұрақтар туындап жатады. Осы сауалдардың біріне жауап болар деген оймен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ тілін оқып, қысқа ғана уақытта теледидарға, әлеуметтік желілерде сұқбат беріп, танымалдыққа ие болған жапон қыздар туралы айтқымыз келеді. Біріншіден, тіл оқудың нәтижелі болуы үшін ең алдымен мотив керек, қарапайым тілмен айтқанда олардың тіл оқуына түрткі болған нәрсе маңызды болған. Өткен оқу жылында университетке жапон елінен келіп қазақша оқыған Ибина Мисакиді қазақша оқытқан, қазақ мәдениеті мен қазақ жеріне еліктірген еліміздің мәнерлеп сырғанау бойынша аты шыққан спортшы Денис Тен болған екен.

Жапон қыз өз елінде жүргенде Денистің өнерін тамашалап, кейін оның қазақ елінен екенін біліп, ол сөйлейтін тілде сөйлегісі келіп, орыс тілін үйреніп Қазақстанға келеді. Алғашқыда қазақ елі туралы аз хабардар болған Мисакиді өзі айтқандай қазақ адамдарының ерекше ақкөңілділігі, ашықтығы, мейірімділігі қызықтырады. Ол өз сөзінде алғаш Денистің өнеріне қызыққан, бірақ кейін онымен танысып, оған өзі қолдан тіккен текеметті сыйға тартқанда Денистің ерекше мейірімді, жылы жүзді адам екенін байқайды. Қазақстанға келген соң Денистің мінезіне ұқсас адамдарды көп кездестірдім дейді. Тілді оқығанда сол ұлттың мәдениеті мен мінезін алуға болады деп сенген жапон қыз қазақ тілін бар ынтамен оқыды. Оның қазақ еліне, Денис Тенге деген сүйіспеншілігі биіктерден көрінуіне әсер етті. Қазір Мисаки өзі армандағандай қазақ тілін өте жақсы біледі. Өз елінде Сыртқы істер министрлігінде қазақ тілі арқылы нәпақасын тауып жүр. Тағы бір қуанышты жағдай Мисакидің жүрегін де қазақ азаматы жаулап үлгеріпті.
Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесіненЕкінші жапон қыз қазақ тіліне Мөлдір Әуелбекованың әндері арқылы жол салған. Аты - Риса Икоидзе. Риса да 6 ай ішінде қазақ тілін оқып, жақсы сөйлеп кетті. Рисаның айтуы бойынша әр адам қазақ тілін жақсы үйрену үшін, хоббиімен байланыстыру керек. Риса әнді жақсы айтатындықтан белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың әндеріне қызығушылық таныса бастайды. Кейін әншінің инстапарақшасына кіріп, оның өмірінен ақпараттар алып, оның репертуарына бақылау жасап отырады. Нәтижесінде Риса Мөлдірдің өзімен бетпе - бет танысып, жиі кездеседі, тіпті әншінің дүкеніне барып, өзіне бірнеше көйлек сатып алады. Риса әрқашан өз сөзінде Мөлдірді ерекше жақсы көретінін, оның қазақшасының тез жақсы болуы да әншіге деген махаббатымен байланысты екенін қуана айтып жүреді. Қазір Риса да өз еліне қайта оралды. Ол да болашақта қазақ еліне байланысты жұмыс істеп, қазақ елімен тығыз байланысты өмір сүргісі келеді.
Бұған қоса бұл екі қыз бос уақыттарында бірі домбыра, бірі қобыз ойнауды үйренді. Риса кез - келшен сахнада ән айтуды жақсы көретін, бос уақытында театрларға жиі барып тұрды. Тіпті екеуі де қазақтің ұлттық киімдерін күнделікті киіп жүретін. Мисаки барлық отандық телеарналарға қазақ тілінде сұқбат беріп үлгерді. Олар күнделікті өмірлерінің әр саласын қазақ тілімен байланыстыруға тырысты.
Мақалаға тақырып болып отырған қос жапон қызының тіл оқу әдісі қазақ тілін оқимын деп ыңғайын таппай жүрген көпшілікке ойтүрткі болсын деп жазып отырмыз. Қысқасы, ниет болса кез - келген арман орындалады екен.

Әл - фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Аға оқытушылар
Г. Ә. Машинбаева, Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қытайдан келген өнерлі қыз

Қытайдан келген өнерлі қыз

Білім мен ғылымның ордасы ҚазҰУ - де тек Қазақстандықтар емес, шетелден келген азаматтар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді....
Тіл – өрісі кең әлем

Тіл – өрісі кең әлем

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «академиялық ұтқырлық» жобасы бойынша көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз қарым - қатынас...
Ізгілікке ұмтылған жүрек

Ізгілікке ұмтылған жүрек

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара

Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара

Еліміздегі іргелі оқу орны Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік азаматтар келіп, қазақ және орыс...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×