XXV Қысқы Олимпиада ойындары
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер оқиды. Міне, сол шетелдік тыңдаушыларға «XXV Қысқы Олимпиада ойындары» тақырыбында тәрбиелік іс - шара өткізілді. Куратор - эдвайзер қысқы Олимпиада 2026 жылдың 6 - 22 ақпаны аралығында Италияда, Милан және Кортина - Д ' Ампезцо қалаларында өткенін айтты. Олимпиада ойындарының символы: бес құрлықты бейнелейтін бес сақина. Олимпиада Ойындарының ұраны: «Жылдам, жоғары, күшті».
Шетелдік студенттер презентацияны тамашалап, қысқы спорт түрлерімен танысты: мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, шорт - трек, хоккей, слалом, фристайл, сноубординг, шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен секіру, шана спорты, бобслей, керлинг. Тыңдаушылар XXV Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының атынан спорттың он түрінен 36 спортшы қатысқанын білді. Қазақстан үшін олимпиаданың басты нәтижесі – мәнерлеп сырғанаудан 21 жастағы қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров жеңіп алған алтын медаль. Жапония мен Қытайдан келген студенттер Италиядағы қысқы Олимпиадада өз елдерінен келген спортшылардың өнерлері мен жетістіктері туралы айтып берді. Іс - шара соңында шетелдік студенттер сұрақтарға жауап беріп, былай деді: олар қандай спорт түрлерімен айналысқысы келеді? Неліктен? Ол үшін не қажет? Спортпен шұғылдану үшін қандай қасиеттер қажет? Олар қандай қысқы спорт түрімен айналысады?
Якубаева К. С., Ешимов М. П. әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы.
XXV Қысқы Олимпиада ойындары
- ramuk_b
- 4 наурыз 2026
- 13
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Олимпиада ойындары, қысқы ойындар, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:

Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы к ...
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы...
Жастарға арналған мереке
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерң тілдік және жалпы білім беру дайыңныдығы кафедрасы әлемнің түрлі елдерінен...
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.