Оразаның парыздары
Оразаның үш парызы бар:
1) Ниет ету.
2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.
Оразаға ниет
Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.
Рамазандағы оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «Аллаһ разылығы үшін ертең ораза тұтуға ниет еттім», имсактан кейін «Аллаһ разылығы үшін бүгін ораза тұтуға ниет еттім» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғандықтан зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек-бөлек ниет ету парыз болып табылады.
Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ертенгі оразаға ниет етіп қою жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін ішіп-жеудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза тұту сахих болмайды.
Ауызашарда
Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны білдіреді. Артынша «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр»деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:
Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды.
Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек. «Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр әрі оған құт-береке бер!»
Сәресіде айтылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауыз ашарда оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».
Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда оқылатын дұғалар
- ramuk_b
- 27 наурыз 2023
- 20419
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ниет ету, ауыз ашарда оқылатын дұғалар
Ұқсас жаңалықтар:
Кедейді байытқан дұға
Ертеде бір кедей тау беткейінен отын шауып, кептіріп, жақын жердегі қалаға апарып сатып отбасын асырап жүреді. Қалаға барар жолында үлкен өзен бар...Мен бүгiн Оразамын!
Отыз жыл бойы Ораза ұстаған бір адам құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады....Ораза 2022 жыл
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған...Ораза және намаз уақыттарының кестесі (2017 жыл)
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады....Ораза айы 2017
Ораза 2017 Биыл Рамазан айы мамырдың 27 - сі күні басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, мұсылмандар маусым айының 21 -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.