Сайтқа кіру Тіркелу

Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті №216 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Гүлдана Сансызбаева

Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Каржаубаев Руслан Мулдабаевич

Сабақтың тақырыбы:
Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
(«Ұшқан ұя» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ертегінің мазмұнымен оқушыларды таныстыру, тілдерін жаттықтыру. Әрбір сөздің мән-мағынасын ажырату, сөздік қорын молайту. Жаңа білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке тәрбиелеу, ауызекі сөйлесуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сурет, тірек-сызбалар.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ).

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Үржар ауылы
КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірханова Райхан Есілжанқызы

Тақырыбы:«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
(Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ).
Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау,өлеңдерін жатқа айту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер ету, шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып - білуге, тани түсуіне ынталандыру. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.

«Қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындардың ролі»

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Үржар ауылы
КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірханова Райхан Есілжанқызы

«Қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындардың ролі»
Бүгінгі күні уақыт алға жылжыған сайын қоғамның даму қарқыны ұстаздар еңбегін есепсіз ауырлатып, оның өз басының даярлық дәрежесіне, оқыту шеберлігіне, методикалық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білуіне талапты күшейтті.

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы


Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті

« Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз - ол тіліміз.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Қазақ тілі - дамыған, жетілген, бай тіл. Бұл сөзіміздің растығын кезінде шығыстанушы, этнограф В.В. Радловтың сөзіне аңғаруға болады: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұраққа жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді». Бұл тұрғыда кезінде ұлы Абай да:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Үржар ауылы
КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірханова Райхан Есілжанқызы

Тақырыбы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
(Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы оқығандарын пысықтау, толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз жерінен шыққан ұлы адамдар өмірі мен шығармашылығын сүюге, бағалай білуге, өнер-білімге, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өнердің түрлері

Қызылорда облысы,
Жалағаш кенті,
№ 31 орта мектеп,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Н.Н. Әлімбетова
Тақырыбы: Өнердің түрлері
Сынып:10

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімін бекіту. Етістік, етістіктің райлары тақырыптарын меңгерту
Тәрбиелік:
Қазақ тілін құрметтеуге баулу, тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өнерлі болуға талпындыру
Дамытушылық: Өз ойын толық, нақты жеткізе білуін, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

"Мұғалім"

Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№ 31 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Н.Н. Әлімбетова
Сабақтың тақырыбы: «Мұғалім»
Сынып: 4

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Мұғалім» тақырыбына байланысты сөздермен танысу. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауды үйрету.
Дамытушылық: Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Елге, жерге, отанға деген сүйіспешілігін арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Мұғалімді құрметтеуге, сыйлауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлтжандылық мәселесі

Автор: Жұбатханова Камшат
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлтжандылық мәселесі
Жетекшісі: Нұржанова Әлия Жалғасбайқызы магистр, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: ақбердиева б.қ. филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Бағыты: қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

I.Кіріспе
Қазақ халқының іргелі атрибуттары бір өзінің болмысынан толық табылатын Бауыржан Момышұлы медицина институтының студенті, оқытушы, экономист, милиция бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Соғыс комиссариатының қызметкері, армия генералы, соғыс өнерінің теоретигі сияқты қызметтерде болып, өз еліне, Отанына адалдығын көрсетті. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде оның ыстық, суығын басынан кешірді. Жауынгерлердің қайнаған ортасында жүріп, олармен бірге Отан қорғау деген қасиетті борышты орындауда ұлтжандылықтың, ұлттық мақтаныштың шын мәнінде не екендігін іс жүзінде көрсетті, дәлелдеді. Соғыс өнерінің майталман шебері дәрежесіне көтеріліп, оның стратегиясы мен тактикасының теориясын жасады.Соғыстан кейін бейбіт өмірде жазушылықпен айналысып, кейінгі жас ұрпақты туған жерге, туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармаларды дүниеге әкелді.

С.Торайғыров «Арманым»

Павлодар қаласы,
Инновациялық үлгідегі гимназиялық
сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Минап Гүлбарша

Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: С.Торайғыров туралы мәлімет беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын таныту және көркемдік ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу;
2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау, түсіну қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын машықтау;
3.Тәрбиелік: оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығын қадірлеуге тәрбиелеу, білімге, оқуға деген құштарлығын арттыру;
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету