Сайтқа кіру Тіркелу

Синонимдер

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: синоним туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын түсіндіру. Синонимдік қатарлардың әр түрлі сөз таптарынан жасалатынын байқату. Олардың кез келген сөздермен тіркесе бермейтінін ұғындыру;
ә) дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуіне, сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне машықтандыру;
б) тәрбиелік: ана тілін сүюге, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың тегі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: репродуктивті - түсіндірмелі, сұрақ - жауап, талдау,
шығармашылық, ойын түрі
Сабақтың көрнекілігі: синонимдер сөздігі, графопроектор, үлестірме, венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Өткен сабақты қорыту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру Ү. Жаңа сабақты бекіту ҮІ. Жаңа сабақты қорыту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру ҮІІІ. Оқушы білімін бағалау
Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 68 - жаттығуды бөліп оқытамын. Тақтаға үлестірме қағазбен екі оқушы шығарамын.
Үй тапсырмасын қорытуға сұрақтар.
1. Омоним дегеніміз не?
2. Омоним қалай жасалады?
3. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Графопроектор арқылы көрсетілген сөйлемдерді оқи отырып, синонимдердің дыбысталуы әр түрлі мағыналары бір - біріне жақын болатындығын айту.
ІІ. Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтіндігіне көз жеткізу.
ІІІ. Синонимдік қатарға енетін сөздердің бір сөз табынан жасалатынын айту.
Жаңа сабақты бекіту.
ІҮ. Оқушыларға синоним сөздердің ережесін шығарту.
Ү. Кітаппен жұмыс.
а) 70 - жаттығу. Вагон жасау үш топқа синоним сыңарын беру.
ә) Синонимдік қатардағы сөздердің қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтау. Үш топқа синонимдік қатар беру.
71 - жаттығу. Үш топқа бөліп оқыту. Өз ойларын айту. Берілген сөздердің синонимдерін табу.
ҮІ. Ойын «Кім тапқыр?»
Биік -
Мұғалім -
Данышпан -
Сөздеріне синонимдік қатар жасау керек.
Тақтадағы синонимдерді сәйкестендіріп, стрелка арқылы көрсет.
Ауру - Келбет
Алыс - Қант
Шекер - Шалғай
Ажар - Сулы
Дымқыл - Науқас
Сырқат - Дидар
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс
І топ
Берілген синонимдік қатарды қатыстырып сөйлем құрау.
Ұшты, көтерілді, зымырады, самғады;
Бүркіт алысқа ұшты, биікке көтерілді, оқша зымырап, көзге көрінбестей самғады.
Бұрыннан, ертеден, атам заманнан.
Қазақ халқы атам заманнан қалыптасқан дәстүрді ертеден бері сақтап келеді.
Қадірлеу, сыйлау, құрметтеу;
Ата - анаңды қадірлеу, ұстазыңды сыйлау, досыңды құрметтеу - адамгершілік.
ІІ топ
«Әдептілік деген не?» ойтолғау жазу.
Инабатты, ибалы, ізетті, сыпайы, мәдениетті;
ІІІ топ
Берілген сөйлемнен синоним сөздерді тауып, қандай сөз табынан жасалғанын айту.
Жаңа сабақты қорыту.
І топ
Синонимнің басты белгілерін жинақтап, топтастыру.
ІІ топ
Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
ІІІ топ
Омоним мен синонимнің ұқсастығын табу.
Үй тапсырмасын беру
1. 75 - жаттығудан синоним болатын сөздерді табу.
2. Бір, екі сөздеріне синонимдік қатар құрау.
3. Синоним сөздерді қатыстырып, өз жолдасыңа мінездеме беру.
Кері қайту
Ілмек сөздер: қазақ тілі, Синонимдер
Ұқсас жаңалықтар:
Омонимдер

Омонимдер

Сабақтың мақсаты: - білімділік: Мысалдар беріп талдату арқылы белгілеріне қарай топтастырып, омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытып...
Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)

Пән мұғалімі: Елшібай Ү. Ж. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз...
Антоним сөздер

Антоним сөздер

Рано Эгамбердиева Ю. Сареми атындағы № 1 мектеп – гимназиясының мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы...
Антонимдер

Антонимдер

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...
Күрделі сөздерді қайталау

Күрделі сөздерді қайталау

Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру. 2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×