Сайтқа кіру Тіркелу

«Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Жібек бейнесін – теориялық тұрғыдан талдай отырып, жыршының образын жасау, шеберлігін ұғындыру;
ә) тәрбиелік; адалдыққа, асыл сөзімді құрметтей,сақтай білуге тәрбиелеу;
б) сөйлеу мәнерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, проблемалық сұрақ қою арқылы іздендіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар,
теледидар, бейне магнитофон, кесте
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
(оқушылардың сабаққа назарын аудару, сабақтың бөлімдерімен таныстыру)
1. Жыр - сандық
2. Ой - сандық
3. Сыр - сандық
Жыр - сандықтан жырдан шашу шашайық
Ой - сандықтан ойды ортаға салайық
Сыр - сандықтан сырымызды ақтарып,
Тыңдап, ойлап, мейірленсін халайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Қыз Жібек» жырындағы Төлеген бейнесі:
1. Төлегеннің өмірге келуі, өскен ортасы. Төлеген бейнесі (жаттау, 1 - қатар)
2. Төлегеннің анасының сөзі (жаттау, 2 - қатар). Анасының бұлай сөйлеуінің себебі не?
3. Төлеген алыс та азабы мол жолға неліктен бел байлайды Онынендей арман жетеледі? Төлегеннің Көкжорға атпен Жібекке келуі. (жаттау, 3 - қатар )
ІІІ Жаңа сабақ
- Төлеген Көкжорға атпен Жібекке жетеді, ендеше, біз де ой – сандығымызды ашайық. Жаңа сабақтың тақырыбы - «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі.
Слайд: (Жібекті іздеп келген жігіттерге анасының берген жауабы)
- Жыр мазмұны бойынша Жібек бейнесін талдау:
- Төлеген Қыз Жібектің күймесіне киліккенде, одан жауап ала алды ма?
- Жоқ. Не себепті?
- Өйткені Жібек намысқой, бектігі бар.
- Төлеген Жібектің жүзін қалай көреді?
- Қаршыға арқылы.
Оқулықпен жұмыс Төлеген. Жібектің кескін – келбеті суреттелетін тұсты оқушыға мәнерлеп оқыту.
- Жібектің келбетін суреттегенде жыршының шеберлігі неден көрінеді? Жібектің портретін суреттеуде жыршы қандай көркемдегіш құралдар қолданған?
(1 - қатар: теңеуді, 2 - қатар: эпитетті, 3 - қатар: метафораны табу)
Слайд: («Басыр, басыр, басыр - ау...» деп басталатын Төлегеннің сөзі)
- Жібектің қимыл - қозғалысын суреттеудегі көсемшенің рөліне жырдан үзінді оқыту арқылы назар аудару.
- Жырдағы әдет – ғұрып, салт – дәстүр. Түс көру, түс жору, бата, теріс бата ырым - жоралғылар. Жібектің сезімталдығы, мейірімділігі.
- қайтыс болғаннан кейінгі Жібектің жан күйініші. (Монолог)
- Жібектің Хорен ханды айлашылдығымен жеңуі. (жырдан үзінді)

Жырда Жібек: (слайд)

Кинода Жібек: Сүйген жарына қосыла алмай,
Өксіп – өксіп жылады.
Ғашық болсаң сондай бол.
- О, дариға, құдай
Керегені құшақтап,
Етпетінен құлады. («Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі)
Өмірде: (слайд, сурет) Жібек пен Төлегенді біз көзімізбен көрген жоқпыз. «Қыз Жібек» фильмі арқылы Меруерт пен Құман қазақ киносы тарихында кіршіксіз махаббаттың қайталанбас үлгісіне айналды.
«Жыр – сандықта» жыр жолдарын жатқа айтсақ,
«Ой – сандықта» Жібек - жырды талдадық
«Сыр - сандықта» ұшқыр оймен, қиялмен
Жыр жолдарын жалғайық.
ІV. Шығармашылық жұмыс. «Жадымда жыр боп жатталды Жібек бейнесі» деген жолды жалғастырып өлең шумағын құрастыру. (Оқушылардың жұмысы тексеріледі)
V. Сабақты қорытындылау. Біздің заманымыздың Төлегені - Құман Тастанбеков: «Мәңгі жас Төлегенде арман жоқ. Төлегенше сүюден қорықпаңдар»- десе, Жібек – Меруерт Өтекешова: «Халық санасынан өшпес орын алған ару Қыз Жібек пен Ер Төлегеннің ұрпағы болғанымызды біз мақтан етіп өстік»,- десе, біз:
Жадымда жыр боп жатталды Жібек бейнесі,
Көшпенен ұзап барады әне күймесі.
Бабадан қалған осынау асыл мұраның
Мәңгілік сақтар, сендерсің, енді иесі,- дейміз.
VI. Үйге тапсырма беру.

VII. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×