Сайтқа кіру Тіркелу


Наурыз мейрамы

Сабақтың күнделікті жоспары

Сынып: 9 «Г» Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі. Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер
1. Білімділік 2. Дамытушылық 3. Тәрбиелік
Әр халықтың наурыз мейрамын тойлау дәстүріне, тарихына, қазақтың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына тоқталу. Өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру Қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Шартты және қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін пысықтау Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру Ұлттар достастығын насихаттай отырып, ұйымшыл болуға тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты:

Сабақтың түрі:
- Білімдерін толықтыру, жаңа сабақ
- Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы
- Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау әдістері: Ой шақыру,
ББҮ стратегиясы, сұрақ - жауап, пікір алмасу, тапсырма орындау, тақтамен жұмыс,, әңгіме жүргізу, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың жабдығы: Кестелер, суреттер, үлестірме қағаздар,

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен, ұжымдық

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу.
- Сынып тізімін тексеру.
- Сабаққа дайындықтарын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтарда құрмалас сөйлемнің
қандай түрлерін өттік?
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Топтастыру: Сыныпты екі топқа бөлу: күн мен түн тобы.
Оқушылардан неге күн мен түн деп аталуын сұрау.
Ой шақыру стратегиясы: Наурыз мерекесі жайлы не білесіңдер?
ББҮ стратегиясы:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Наурыз мерекесі
22 - наурызда тойланады Алғашқы рет қайда пайда болды?

Мәтінмен жұмыс: 1.«Наурыз» мәтінін оқушыларға тарату.
2. Мәтінді жекелей, жұппен, топқа салып талқылау.
Наурыз
Наурыз, (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн)) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамында бүкіл ауыл - ел болып, ағаш отырғызып, гүл егетін. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, - деп түрліше атаған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан т. б.) ойналады. Наурыз көже Наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасайды.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр — адамдарға дәулет беретін, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял - ғажайып кейіпкер..

Сұрақ – жауап арқылы мәтіннен түсінгендерін ауызша сұрау:
Күн тобы:
Басқа халықтар наурыз мерекесін қалай атайды?
Бұл түн неге «Қызыр түні» деп аталады?

Түн тобы:
«Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
Наурыз көжені нелерден дайындайды?

Грамматикалық тапсырмалар:
Төмендегі құрмалас сөйлемдерді аяқтап жаз.(топпен жұмыс)
1. Бұл мейрамды гректер «патрих» деп атаса,....
2. Қазақ халқы жаңа жылды наурызда тойлағанмен,...
3. Наурыз сөзін егер парсы тілінен аударса,...
4. Наурыз көктем айы болғанмен,...
2 - тапсырма
1. Батаны мәнерлеп оқып, аударып, мазмұнын түсіндіру.
2. Төмендегі көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып жаз:
Наурыз батасы
Сұрасаң міне бата,
Дарысын Қызыр ата.
Қызырың қияласын,
Бақ - дәулет ұяласың

Ор қояндай көзді бол,
Шешен тілді сөзді бол,
Өркенді бол, ойлы бол,
Өз құрбыңның алды бол

ІV. Сабақты қорытындылау:
Венн диаграммасы арқылы тақтаға жаңа жыл мен наурыз мерекесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазғызу

ІV. Сабақты бекіту:
ББҮ стратегиясының үшінші бағанын(Үйрендім) толтырғызу
V. Үй тапсырмасын беру: Жауапсыз қалған сұрақтарға жауап іздеу
VІ. Бағалау: Оқушыларды белсенділіктеріне қарай бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×