Сайтқа кіру Тіркелу

Тағдырластар

Сабақтың тақырыбы: Тағдырластар
(О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» және
С. Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармалары бойынша)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталап, еске түсіре отырып, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау;
ә) тәрбиелік: Оқушыны кейіпкер тағдырына ортақтастыра отырып, адамның жан дүниесін түсіне білуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, дәлелді пікір айтуға және өзінше ой түюге үйрету.
Сабақтың әдісі: Проблемалық сұрақ қою арқылы іздендіру, талдау,
Венн диаграммасы.
Сабақтың түрі: Қайталау, пікірлесу, сұхбат сабағы.
Көрнекілігі: Слайдтар, кітап көрмесі.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Экранда мәтін көрсетіледі:
1 - слайд. Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам - ақ шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай жүгіріп келе жатқанын көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»- деген жалынышты үнін естимін.
2 - слайд. Біздің ішімізде менен екі - үш жас үлкендігі бар бір бала болушы еді. Әке - шешеден ерте айырылып, алыстан қосылатын аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі – таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін.
ІІІ. Жетелеуші сұрақтар:
- Үзінділер кімнің қай шығармасынан алынған, кейіпкерлерді ата.
IV. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Аян мен Тортай ұқсастығы. Венн диаграммасы.

«Жусан иісі» Ұқсастығы «Тортай мінер ақ боз ат»

Аян 1. Жетім Тортай
Ертегіні өзі 2. дене мүкістігі Үнемі кітап оқиды
құрастырады 3. ертегіші
4. қиялшыл
Аян мен Тортайдың ұқсас қасиеттері арқылы шығарманың қысқаша мазмұнына тоқталайық:
- Аян Ешкіөлмес тауының етегіндегі ауылға көшіп келгенде, оны қарсы алған кімдер еді?
- Ауыл балалары тиіскенде Аян не деді?
- Аянның дене кемістігі неден болды? Тобығын қалай тайдырып алды?
- Ертегіні қай кезде айтатын еді?
- Аянның ертегісі қалай басталады?
- Ол нені жақсы көреді? Қайда тұратын еді?
- Тортайдың қиялы қандай еді?
V. Аян мен Тортайдың ұқсас қасиеттерін салыстыра отырып, шығармалардың қысқаша мазмұнын еске түсірдік. Енді мына үзінділерге назар аударайық:
3 - слайд. Киініп, жарты күрішке сүтті апыл - ғұпыл іше сап, Бапай шалдың үйіне мен де жеттім. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір - кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен. Бір жамбастаған күйде қозғала алар емес. Қамшы мен тепкі тиген денесі көкпеңбек боп күлкілдеп ісіп кетіпті. Бет - аузы да ісіңкі. Көзі кішірейіп, жылтырап, жаутаңдап жатыр. Бір кезде ғана
- Ағам келеді ғой, жақында әлі, сонда көрсетеді Тұржанға,- деді.
4 - слайд. Бір күні мен Тортайды іздеп әрең таптым. Тұрған үйі аузына келгенін айтып, ұрысып, қуып жіберіпті. Салық салғанның ұшар басындағы қалың қамысты тас қорымның үңгіріне кіріп, от жағып жатыр екен. Мені көрген соң қуанып қалды. Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген көзі қызарып, домбығып тұр еді.
- Екі мәтіннен не байқадық, не түсіндік?
- Екі баланың да ағайындарынан жәбір көргендігі, жапа шеккендігі көрініп тұр. Екеуінің өмірлері де ұқсас екен. Осы жерден бүгінгі сабаққа ат қояйық. Қандай тақырып айтар едіңдер? Сабақтың тақырыбы қойылады: Тағдырластар
- «Тортай мінер ақ боз ат», «Жусан иісі» шығармаларын оқығаннан кейін сендер қандай күйде болдыңдар?
- Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
- Аян мен Тортайға жаны ашыған, олардың жан дүниесін түсіне білген кім екен?
- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Тек Аянның жолдасы ғана емес, ауыл балаларының қай - қайсысы да Аянмен қимай қоштасты: « - Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп. Аянмен бірге жүретін. Арбадан түсіп қап, қара жолдың үстінде ұзақ тұрды. Қайта келгенде, өте көңілсіз еді. Садық оған ойнайық деп еді, ол:
- Менің басым ауырып тұр,- деп үйіне кетті.
Сол сәтте бәріміздің ойынға еш зауқымыз жоқ, көңілсіз едік. Көз ұшында бұлдырап арба кетіп барады. Аян бас киімін алып, бізге қол бұлғап қояды...
Ал: «Күз жақындап, фермадағы барлық бала жаулаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан - жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым. Өзіммен бірге оны да мектепке ала кететін шамамның жоқтығына жыным келді»,- деп қиналады.
- Аян кеткенде, басқа балалармен көңілсіз болып Аянды қимаған кім? Тортайды өзімен бірге алып кететін шамасының жоқтығына қиналған кім?
- Ол – Аянды қимаған оның жолдасы еді, Тортай үшін қиналған досы Ораш еді. Олар - осы шығармалардың авторлары - Оралхан Бөкей еді, Сайын Мұратбеков еді.
5 - слайд. Авторлардың портреттері, суреттер көрсетіліп, оқушылардың олар туралы білетіндері сұралып, толықтырылады.
VI. Оқулықпен жұмыс.
- Екі шығарманың қалай аяқталатынын оқушылар оқулықтан оқып береді:
Жазға салым Жусандытөбе жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Сонда есіме Аян түседі. Шынында да, бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ал тірі болдса, Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?
Әңгіме күңгірлеп, еміс - еміс естіле берген соң, есіме баяғы бір қоңыр үн түсіп, еріксіз құлағымды түрдім. Келген Тортай екен... Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алмадым. Шынымды айтсам, ұялдым, Тортайдан ұялдым. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді... Иесіне қайтаруға кеш еді...
- Шығарманың соңында Аян мен Тортайдың арманы орындалды ма? Аян кім болды? Тортай ше? Олардың арманына жете алмауына не кедергі болды?

6 - слайд

Түйін: Жетімдік, мейірімсіздік, салғырттық салдарынан Аян мен Тортай армандарына жете алмады.
VII. Шығармашылық жұмыс. - Бүгінгі заманда біздің арамызда Тортай, Аян сияқты балалар бар ма? Біздің кейіпкерлерімізбен тағдырлас бүгінгі заманның балаларының мұңын сендер түсіне білесіңдер ме? Ондай балаларға өздерің қандай көмек көрсетер едіңдер? Ақын Ф. Оңғарсынованың «Мұқтаждық немесе жетімнің монологы» өлеңін тыңдай отырып, Аянға, Тортайға немесе өлең кейіпкеріне хат жазу.
VIII. Сабақты қорытындылау.
– Бүгінгі заманның баласы мен Тортай, Аяндардың тағдырында ұқсастық бар ма, айырмашылық қандай? Олар қалай білім алуда? - Мемлекет тарапынан жетім балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен обасы балаларына, дарынды, қабілетті балаларға көмек көрсетіледі. Жалпыға бірдей міндетті білім алады.
Алайда тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Түрлі жағдайларға байланысты біреу әкеден, біреу анадан айырылуы мүмкін. Әкенің ыстық құшағын, ананың аялы алақанын сағынып күтуден көздері талған қаншама бала бар? Олар өзгелердің қателігі үшін жауап беруге тиісті емес. Баланың бақытты болуы үшін жаралған.
IX. Бағалау. Сабақ Ұ. Жолдасовтың «Сәби бақыты» әнімен аяқталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×