Сайтқа кіру Тіркелу

Келін түсіру салты

Келін түсіру
(Наурыз мерекесінде 9 сынып оқушыларымен көрсетілген салт - дәстүр)

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптеу, өшкенді жаңғырту, ұрпақ санасына ұлттық сезімді ұялату.

Жүргізуші:
- Ау жараңдар, армысыз!
Ұлыстың ұлы күнінде
Ағайын туыс бармысыз!
Наурыз тойы басталды.
Жаңарса да санамыз
Дәстүрді кім ұмытар
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
Салт - дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Бүгінгі біздің дәстүрді
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Құрметті қауым, Тассуаттық жамағат. Тассуат орта мектебі келін түсіру салтын көрсеткелі отыр, қабыл алыңыздар. Тассуат ауылында Асқар атамыздың алғашқы немересі Жандос келін алып келеді. Кәне бәріміз бірге қарсы алайық.
(сахнада киіз үй көрінісі, үй іші қазақша жасалған. Дастархан басында Атасы, әкесі мен анасы, басқа да келіндерімен отыр.)
үйге бала жүгіріп келеді.
Бала:
- Сүйінші, ата, Жандос ағам келіншек әкеле жатыр!
Атасы:
- Ой өркенің өссін! міне сүйіншің (сүйінші береді)
Бала:
- Жеңгеміз өз көшімен жеңгелерімен, сіңлілерімен жақындап қалды, анашым бәріміз бірге қарсы алайық.
Анасы:
- Ал, келіндер қозғалыңдар! Кіші атаның келіндері шымылдық алып шығыңдар, Ошаққа от қойып, май дайындаңдар. Келіннің астына төрт қабат кілем төсеңдер!
(Сөйтіп, жеңгелерімен, сіңлілерімен келін келеді, абысындары бетін шымылдықпен жауап келінді алдымен атасының алдына әкеледі. Жас келін атасына үш рет сәлем жасайды. )
Атасы:
- Көп жаса қарағым! – деп атасы бата береді.
Жас келіннің қонған жері,
Құтты қоныс тұғыр болсын.
біреуі шал, бірі кемпір –
Қоса ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен,
Бесік іші жыбыр болсын.
Кәрі күліп, бала бағып,
Мол қызықтан ығыр болсын!
Кәрілерге мейірімді келіндерде әдеп болсын,
Ата күту, ана бағу –
Ата жолы әдет болсын! Әумин!
(Келінді абысындары үлкен үйден шығарып, отауға кіргізеді. Отауда оны анасы қарсы алады. үйдің сол жағына шымылдық құрылады.)
Анасы:
- Келініміздің мінезі де иленген тулақтай жұмсақ, биязы болсын! Қарағым мына тулаққа келіп отыр.
- қарағым ошақтағы отқа май тамыз.
Жас келін:
- От Ана, Май Ана шапағатыңды тигізе көр, жарылқа!
Анасы: (отқа қолын қыздырып):
- Оттай опалы бол! – деп келіннің маңдайына тигізеді.
Осы рәсімнен кейін келінді шымылдыққа отырғызады. Енесі шашу шашады. Келіншектерге, қыздарға сырға, сақина таратады.
Көрші - көлем келіп, құтты болсын айтып, «Келін түсті, жол ғой бұрынғының» әнін айтады.
Анасы:
- Уа, жұртым, енді беташарға жиналыңыздар.
Жүргізуші:
- Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Назарларыңызға көп рахмет! Осындай той сіздерде де болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×