Балалардың жыл мезгілдері туралы алған білімдерін, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы, күз байлықтары туралы білімдерін тереңдету. Күз мезгілінің тіршілікке тигізер пайдасын өлең жолдары мен қойылымдар, ойындар арқылы сезіндіре отырып, ой - өрісін дамыту.
Күздегі ерекшеліктерді, Алтын күз – Золотая осень туралы түсінік беру, бақшадан жиналатын көкөністер жайлы айту. Көпірден өтіп, көкөністерді телевизордан көруге шақыру. Көкөністерді қазақ және орыс тілінде атау.
В. Сутеевтің "Алма" ертегісі арқылы балаларға айналасындағы табиғаттың әдемілігін аңғару, жануарлардың мінез құлқындағы өзгерістерді байқауға үйрету. Алтын күз тақырыбындағы ертеңгілікте балаларға күз айының ерекшелін т. сіңдіру. "Әр нанның ұсағы - еңбек" тақыбындағы сабақта нанның ұсағының өзі еңбекпен келетінін таныстыру.