Сайтқа кіру Тіркелу

Мерекелі, берекелі қоңыр күз

Тақырыбы: Мерекелі, берекелі қоңыр күз.
Мақсаты: а) Балалардың жыл мезгілдері туралы алған білімдерін, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы, күз байлықтары туралы білімдерін тереңдету.
ә) Күз мезгілінің тіршілікке тигізер пайдасын өлең жолдары мен қойылымдар, ойындар арқылы сезіндіре отырып, ой - өрісін дамыту.
б) Балаларды табиғатты сүйе білуге, қорғауға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күзгі табиғат көріністері, жемістер мен көкөністер, ертегі кейіпкерлері, күз ханшайымы, жапырақтар, көкөністерден жасалған бейнелер.
Слайд.
Сабақтың барысы:
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуән ойнап тұрады. Көкөністер мен жемістер киімін киген бүлдіршіндер сыныпта қонақтарды ән әуенімен қарсы алады.
Мұғалім:- Армысыздар, ұстаздар, оқушылар. Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айлары да таяу күндері сырғып өте шықпақ. Ендеше күздің ерекшеліктері туралы сыр шертетін «Мерекелі, берекелі қоңыр күз» атты ертеңгілігімізге ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Мезгіл болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкте жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалар хормен: Күз мезгілінде.
- Ендеше, бүгін біз Күз мезгілі туралы сыр шертпекпіз.

1 - жүргізуші: Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын береке!
Құтты болсын мереке!

2 - жүргізуші: Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Сары алтынға малынған
Жетті міне, қоңыр күз!
(Осы кезде сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мұғалім: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Мұғалім: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.

1 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте күз, алтын күз, қара күз)
Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Мұғалім: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.

1 - бала: (Қыркүйек - Мизам)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.

2 - бала: (Қазан - Ақырап)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.

3 - бала: (Қараша - Қауыс)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып. СЛАЙД 1, 2, 3
Мұғалім: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар. Күз мезгілін берекелі күз деп неге айтамыз? (слайд 4)
- Себебі, күз бау - бақша өнімдерінің, жеміс - жидектердің, дәнді - дақылдардың пісетін кезі.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Бау - бақша өнімдеріне кезек берейік.
(Ортаға көкөністер мен жемістер, дәнді - дақылдар шығады).

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№19 ОЖББМ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Избасарова Дамира Наримановна

Мерекелі, берекелі қоңыр күз жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×