Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, бұл мезгілдің ерекшеліктерін бақылату. Балалардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл - күй сыйлау. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
(Топ бөлмесі мерекеге сай безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары!
Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз. Биыл жылдың Арайлы Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін!
Уа, халайық дархан далам, табиғатым
Жаны жайсаң тал мүсін арумысың.
Алтын күзім жарқын күзім келіпті,
Алмақ болып бар халқымның алғысын!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
(Көңілді әуенмен ортаға күн келеді)
Күн: Көк аспанда жарқырап
Әлемге шуақ шашатын
Арайлап атқан Күнмін
Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күн: Берекелі мерекелеріңіз құтты болсын! Елімізде молшылық болсын! Мерекені тойлап жатқандарыңды естіп, келіп қалдым...
Мен жалғыз келмей өзімен бірге Қыркүйек, Қазан, Қараша атты балаларымды да ала келдім!
Құндыз Қыркүйек
Жапырақтар сарғайған
Сыбдыр - сыбдыр түседі
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына.
Қазан Қасымхан
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Қараша Ақниет
Қараша айы жасай бер
Бар өмірдің белесі
Адамзатқа бақ берген
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші:
Шуағын шашқан арайлап атқан ардақты Күн!
Жоғары шығып, төрлетіңіз! Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!
І. Көкөністер таласы(сахналық көрініс)
Қатысатындар:
Жуа
Қызанақ
Қияр
Қызылша
Сәбіз
Капуста
Картоп
Жүргізуші:
Қияр менен қызанақ
Жанжалдасып бір күні
Көкөністер арасында
Туғызыпты күңкілді
Көкөністер:
Арамызда біздің
Ең қадірлі кім?
Адамзатқа пайдалы
Қажеттіміз кім?
(осы кезде жуа жылап шығады)
Жуа:
Арамызда достарым
Жасыл түсті баламын
Айтқаным егер болмаса
Жылатып өшті аламын.
Капуста:
Маған да сөз берсейші
Борщ менен жасалар
Адамзатқа пайдалы
Еңбегім бар ақ адал
Қияр:
Мен қиярмын, қиярмын
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіп
Дастарханда тұрармын
Қызылша:
Мен әдемі қызылшамын
Қабыл ал менің сәлемім
Мақтанбай – ақ біледі
Мені барлық әлемің
Сәбіз:
Дәруменнің өзімен
Адамзатқа пайдам көп
Мен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көп
Қызанақ:
Көп сөйлеме сәбіз сен
Тоқтасаңшы азырақ
Мен тұрғанда мақтанба
Бұл мен көкең – қызанақ
Картоп:
Таласпаймын ешкіммен
Өз орнымды білемін
Өйткені мен картоппын
Белгілі өзі – ақ керегім
Жүргізуші:
Тоқтатайық таласты
Керегі не жанжалдың
Адамзатқа пайдалы
Бәрің – бәрің қажетсің
(есік қағылып дәрігер Айболит кіреді)
Көкөністер: Саламатсыз ба дәрігер Айболит
Айболит: Аманбысыз, достарым
Бұл не тартыс, таластарың?
Жүргізуші:
Бар ауруға ем болар
Дәрумен көп бойында
Көкөністің қайсысы
өте қажет адамға
дауымыз осы Айболит
Айболит:
Дені сау күшті болатын бала
Сүйіктісі көкөністер
Орның бөлек білсеңдер дара
Бәрің - бәрің керексіңдер
(ойланып қалады. Осы сендердің араларыңда кім науқас?)
Жүргізуші: Жоқ дәрігер Айболит біз бәріміз саумыз!)
Айболит: Мүмкін мен адрестен жаңылған шығармын (менің көзілдірігім қайда мына қағазды оқимын)
Жүгізуші: Дұрыс. Біздің сыныбымыз. Сізге бұл шақыруды біз жібердік. Біздің ертеңгілігіміздің қонағы болсын деп дәрігер Айболит атай
Айболит: Ой, мен сондай қуаныштымын. Сендердің дендерің сау болса, онда мен сендермен біргемін. (төрге отырады)
Жүргізуші: Жоғарыға шығып төрлетіңіз!
(Музыка ойналып Саңырауқұлақ келеді)
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Ия
Мен сендердің мерекелеріңе жай келген жоқпын ойынымды ала келдім. Кім жылдам? ойыны. Мына шелектерге қай топ жаңғақты көп салса сол жеңімпаз.
Жүргізуші: Балалар сендер қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
Балалар: Бидай, арпа, күріш, сұлы.
Жүргізуші:
Бидай, арпа, тары бар
Сұлы күріш бәрі бар
Әне жырлап барады
Әнге құлақ салыңдар.
Ортаға дәнді дақылдарды шақырамыз!
Бидай Алашахан:
Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Арпа Альмира:
Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап
Малды ауылға тартамын.
Тары Айгерим:
Ақ, қарамын сарымын
Мен атақты тарымын
Еңбегіңнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.
Сұлы Алтынай:
Мен сұлымын, сұлымын
Барлық малға ұнадым
Ауырлаған басымды
Көтере алмай тұрамын.
Жүргізуші:
Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күн
Бір уыс дән шаштық та
Қап - қап бидай алдық біз.
Дәнді – дақылдар сендергеде рахмет, төрлетіңдер!
Жүргізуші: Арайлап атқан алтын Күн балаларға арналған қандай өнерің бар?
Күн: Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: Көкөністер мен жемістер деп аталады. Ойынның шарты бойынша жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек жинау керек.
Жүргізуші:
Балалардың орындауында ән:- Күз жомарт
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз.
Еріксіз өзімізге қаратамыз!
(Ортаға жемістерді шақырамыз)
Алма Құндыз:
Алма бақта алмамын
Өте тәтті бар дәмім
Алтын күздің сыйымын
Дәруменің бірімін
Алмұрт Әмина:
Алмұрт деген жеміспін
Күз айында мен пістім
Дастарханның сәнімін
Мені сүйер бүлдіршін
Шие Медина:
Мен кәдімгі шиемін
Бәрінен ерте пісемін
Бау - бақшаның сәнімін
Өз орнымды білемін
Жүзім Ақниет:
Жүзім, жүзім, жүзіммін
Жемісіңмін күзіңнің
Мөлдіреген моншақтай
Сабағыма тізілдім
Хор: «Күз келгенде» әні
Жүргізуші: Үйге берілген тапсырма бойынша ата - аналармен балалардың бірігіп жасаған Қол өнерлерін тамашалаңыздар!
Қонақтармен ойын: Дәміне қарай ажырат.
Шарты: Көздерін орамалмен байлап, аузына кез - келген жемістің бір тілімін салу, дәмін татып, қандай жеміс екенін айту керек
Бүлдіршіндерге:
Рахмет балалар өнеріңе
Уақыт өтпес тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз
Талмай еңбек етіңдер
Сабақтарды жақсы оқып
Қыстан аман өтіңдер!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар!
Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып, қуанышпен кештің куәсі болғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.
Сәлем саған Алтын күз!
- begzat77
- 13 қараша 2014
- 8502
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Алтын күз
Ұқсас жаңалықтар:
Күзгі орман ертеңгілі
Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады). Жүргізуші: Балалар қараңдаршы,...Мерекелі, берекелі қоңыр күз
Балалардың жыл мезгілдері туралы алған білімдерін, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы, күз байлықтары туралы білімдерін тереңдету. Күз мезгілінің...«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
Атырау қалалық №20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы Ғилажова Лариса Байболатқызы...«Алтын күз» ертеңгілігі
Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық. Шуылдайды тал - терек, Жапырағын жұлғызып....Жомарт күз
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.