Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Талғатқызы Аружан:
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Динара: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Анель: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
Бағдаулет: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Гүлбану: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Айдана: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Көрініс: «Егінші мен қасқыр»
Автор: Ғалия
Егінші: Дулат
Қасқыр: Бейбарыс
Хадиша: Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған.
Қуаныш: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Манарбек: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Шашу шашты жапырақ!
Өмірбек: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақыт күлімдеп
Көз тартады атырап.
Айсана: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме,
Күз деген мереке.
Зарина: Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол еңбек - айы.
Азамат: Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы. Диқандар бұл айда сабантой жинайды.
Ойын:
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
• Әсем әуен ырғағымен Алтын күз аруларының элегант - шоуы демонстрацияланды.
Бағлан: Қарашы мына далаға,
Реңі сондай сары ала
Пісіпті алма балбырап,
Сарғайып жатыр бал құрақ.
Ақбота: Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған.
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.
Еңлік: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жемісі
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.
Ғалия: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Сания(Cлайд бойынша):
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.
Ерасыл: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Бексұлтан: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.
Дайана: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Оның аты қызылша
Жей бер қарның тойғанша.
Дамир: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не десе де жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.
Інжу: Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.
Жанель: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
Жалал: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
Бау - бақша тосады
Тосады, достарым.
Дастархан толған дәм,
Жайдары аспаным
Ойнаймыз, күлеміз,
Достықты білеміз.
Ақжол: Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
Айғаным: Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Мұхаммед - Әли: Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Ақжан: Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.
1жүргізуші: Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен..
Молшылық күз - береке күз,
Береке күз - мерекеміз!
2 - жүргізуші: Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
Аян: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.
Әсел: Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай,
Теңемессің сары алтынға.
1 - жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 - жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 - жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ашық тәрбие сағатында бейнематериалдар, слайдтар пайдаланылды.
Армысың Алтын күз!
- Дәрігүл
- 11 сәуір 2014
- 56151
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алтын күз, бастауыш сынып, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

Күзгі орман ертеңгілі
Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады). Жүргізуші: Балалар қараңдаршы,...
Күзге байланысты өлеңдер
Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық....
Берекелі - алтын күз
Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы "Жауқазын"мектепке дейінгі бөбекжайының тәрбиешісі Сапашева Гулжанат Нұрланқызы...
Алтын күз
Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз....
Алтын күз
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.