Сайтқа кіру Тіркелу

Жемістер мен көкөністер

Солтүстік Қазақстан обылысы,
Тимирязев ауданы, Степной орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Гүлнара Нұрғалиқызы Хамзина

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы білімдерін нығайту.
Дамытушылық мақсаты: Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға, елестетуге, қиялдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты Әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың түрі: танымдық, ізденіс, дәстүрлі емес сабақ.
Пайдаланылған дидактикалық және техникалық құралдар: таратпа материалдар, кестелер мен сызбалар, жеміс тұрықтары (муляж), жеміс - жидектер, компьютер, POWER POINT презентациясы, дастархан, өлең, күз көрінісін бейнелейтін суреттер, жапырақтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға бағалау парағын тарату.

Бағалау парағы (кесте)

Мотивациялық – қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Ғажайып сәт:
Әуен қойылады.
Балалар қане көз алдымызға елестетеміз.
Біз жемістер бағында жүрміз. Онда тамаша табиғатымен, жемісімен бізді дем алдырды.
Біз жемістерді бағбан аталарға жинауға көмек бердік. Бақшадан сыйлыққа жемістерге тойдық.

Ұйымдастыру – іздену:
- Балалар бүгін бізде қонақ бар. Ол кім? Ол алыстан келген «қоян». Ал енді қонағымызға сабағымызды көрсетейік.
- Балалар қазір қандай мезгіл? Күз мезгілі.
- Ауа – райы қандай? Ауа – райы салқын.
- Күзде қандай өзгерістер болады? Күн салқындайды, жемістер пісіп болады.
Балалар күз мезгілі 3 - ке бөлінеді.
Олар Ерте күз, Алтын күз, Қара күз.
Күзде жемістер, көкөністер піседі.

ІІ. Жұмбақ шешу
1. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, таба аласыңдар ма?
Аспай түскен, қайнамай піскен. (жеміс)

Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты -...(жүзім)

Дөп - дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты -...(өрік)

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты -...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты -...(шие)

Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)

- Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер?
Алма, алмұрт, шие, анар, алқоры, қызанақ т. б. с. с.
- Жемістер суреттерін көрсетемін. Балалар сендер қандай жемістерді жақсы көресіңдер? (Балалар жауап береді.)

ІІІ. Ойын: «не жоғалды?»
Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.
Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар? Жемістер мен көкөністерді.
Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, содан кейін теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады.
Рефлексифті түзету Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша!
Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдер ме?
Ендеше соны байқап көрейік.
«Жемістің дәмін сезу»
3 - 4 баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр - түрлі жемістерден саламын, бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады)

VI. Мәтінмен жұмыс.
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап диалог құру және жемістер мен көкөністердің суретін салу.
1 - топ «Жемістер»
2 - топ «Көкөністер»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Жеміс-жидектер"

Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....
Жемістер

Жемістер

Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...
Көкөністер мен жемістерді сипаттау

Көкөністер мен жемістерді сипаттау

Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы...
«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары

«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Жемістер мен көкөністер

Жемістер мен көкөністер

Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×