Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныптарынан сабақ топтамасы

Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылы,
бастауыш сынып мұғалімі Сабрияува Ахмарал Октябрияевна

Тақырыбы В. Сутеевтің «Алма» ертегісі (тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру)
Мақсаты Білімділігі: Ертегіні оқу және мазмұндау, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: балаларды сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер Үнтаспа, суреттер, табиғи және жасанды гүлдерден гүл бақтарын жасау
Билингвалды компонент Қуыршақ, күзгі бақ суреттері, «Алма» ертегісі желісімен салынған.

Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Үнтаспаға жазылған пойыздың жүрген, тоқтаған дыбысын қосамын. Пойыздың дауысын тыңдайды.
Ұйымдастыру - іздестіру - Балалар, мен сендерді баққа серуенге шақырғым келіп тұр. Келіңдер, пойызға отырайық.
Бірінің артына бірі тұрып, «пойызбен жүруді» ұсынамын.
- Далаға қараңдаршы, жер мен ағаштар қандай түске боялған?
- Күз мезгілінде неше ай бар, олар қалай аталады?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болып тұрады?
- Қане, балалар, жайғасып отырайық. Мен сендерге осы жемістер туралы бір ертегі айтып берейін.
Ертегінің аты «Алма», авторы - В. Сутеев екенін айтамын.
Ертегіні айтып отырғанда мазмұны бойынша салынған суреттерін көрсетіп отырамын. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысы: «көкке бойын созады, мейірбан» деген сөздердің мағынасын түсіндіремін.
Сергіту сәті
Көкке бойын созады,
Көкке қолды созады,
Кең құшағын ашады.
Көлеңкесін тосады,
Көп ағаштар, ағаштар,
Мейірбанды ағаштар.
Тіл ұстарту жаттығулары
Аң - аң - аң, үстің болды шаң,
Атып қапты таң,
Жайқалып тұр айналаң.
«Мінездеме бер» ойыны
Жануарлардың ертегінің бастапқы кезеңдегі мінез - құлқына баға беруді ұсынамын.
- Қоян қандай?
- Қарға қандай?
(суреттерді таңдап алу)
Жануарлардың ертегінің соңындағы мінез - құлқына баға беруді ұсынамын.
- Барлық жануардың мінез - құлықтары өзгерді ме, аюдың ақыл - кеңесі пайда болды ма? (суреттерді таңдап алу).
Тірек сызба арқылы ертегі желісін қайталайды.
Дәптермен жұмыс
Жануарларды алмаға баратын жолдарын бояп көрсету керектігін түсіндіремін.
Жеке балалармен жұмыс жүргізу. Табуға көмектесемін, қолын ұстап, сыздырамын.
Мақал
Жолдасы көптің, олжасы көп.
Мақалдың мағынасын түсіндіремін. Балалар серуенге баруға келісіп, бірінің артына бірі тізіліп тұрып, белдерінен ұстап, пойыздың дауысын келтіріп жүреді.
Күзгі табиғаттың өзгерістеріне назар аударады.
Сұрақтарға жауап береді.

Ертегі тыңдауға қызығушылық танытады.

Суреттерді тамашалай отырып, ертегіні мұқият тыңдайды.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Тіл ұстарту жаттығуларын қайталап айтады.

Анықтайды, салыстырады.
Жануарлардың ертегінің бастапқы және соңғы кезеңдегі мінез - құлықтарын салыстырады.

Жасыл түс - бірінші болып баратын жануарға арналған; сары түс - екінші болып баратын жануардың жолы, қызыл түс - үшінші болып баратын жануардың жолдарын анықтап белгілейміз.
Мақалды тыңдап, мағынасын түсініп алады.
Рефлексивті түзетішілік «Алма ағашы» ойынымен сабақты талдап, бекітемін.
«Алма ағашы» ертегі желісі бойынша салынған суреттерді алма ағашына жапсырамыз.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін аяқтаймыз. Суреттерді кезегімен «Алма ағашына» іліп, ертегіні әңгімелеп айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек
Шығарманың мазмұнын байланыстырып, жүйелі жеткізе білуді
Нені игерді
Тілдерін дамыта отырып, антоним, синоним сөздерін дұрыс қолдануды.
Нені біледі
Жабайы аңдарға қамқорлық жасау керектігін.

Тақырыбы: «Алтын күз» ертеңгілігі.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру,
олардың ағзаға пайдасын айта отырып, мерекелік көңіл күй орнату.
Балаларды ән айтуға, би билеуге, түрлі қимыл әрекетке тарту,
бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой қиялдарының дамуына ықпал
ету. Ата – аналармен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Көрнекілігі: Сары түсті жапырақтар, күз мезгілінің суреттері, көкөністер, жемістер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Сәлеметсіздерме қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтарда келді.
Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Седер білесіңдер ме, ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендіше күзді ортаға шақырайық. Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз
келді.
Күз: Берекелі бақ дарыған.
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған.
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз.
Жайрандаған күліп – ойнап,
Келді міне алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ
жасырайын!
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайлап
отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Қайрат Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Береклі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Нұрхат: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Аягөз: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Ильнара: Жайдары күз. Жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Гұлнұр; Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Сапанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді.
Аяулым: Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең ұлкенін, дәмдісін,
Саған сатып әкелді.
Не деп барып, жеу керек?
«Рахмет» деп барып жеу керек.
Жүргізуші: «Кім жылдам?» ойыны
Ойынның шарты: ұлдар бір шелекке күректерді, екінші шелекке тырнауыштарды жинайды.
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын Ақтілек
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін Бекарыс
Моншақ болып тізілдім.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін Анель
Табиғатқа көрікпін.
Алма: Мен алмамын, алмамын Ясмин
Таңдайда қалар бар дәмім.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны
1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузыңнан кетпес бар дәмі
Оның аты (шабдалы)
2. Кіп – кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба? (шиені)
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері – бау – бақша
Күрен қызыл шіркін – ай
Оның аты.... (таңқұрай)
«Күз жомарт» өлеңін тамашалаңыздар
«Шалқан» - орыс халық ертегісі: Автор: Т. Ақтілек
Ата – Абдурахман
Әже – Мерует
Немере қыз – Гүлнұр
Күшік – Қайрат
Мысық – Гүлдана
Тышқан - Ақтілек
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады.
Айна: күз рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады.
Ал, енді менің орманға баратын уақытым болды.
Берекелі бақ - дәулет.
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгеншще жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып беріңізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет! Келесі сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің
№ 2 технологиялық картасы
Білім беру саласы Әлеуметтік
Бөлімі Қоршаған орта

Тақырыбы Әр нанның ұсағы - еңбек
Мақсаты Білімділігі: Балаларды зат есімге анықтауыш сөздерді, қосып, толық
сөйлем айтуды үйрету; нанның үстелге қандай еңбекпен
келетін туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балалардың танымдық, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: Балаларды еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер Нан, сүлгі, «реттілігін тап» ойыны, «нан үстелге қалай келеді?» иллюстрациялық суреттер, нан түрлерінің суреттері, тұзды қамыр, алжапқыш, сулы сүлгі.

Билингвалды компонент Нан - хлеб, аспаз - повар, қамыр - тесто, алжапқыш - фартук, тұзды - соленый.

Іс - әрекет кезендері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы «Өтінемін» шаттық шеңбері
«Өтінемін» сөзі қосылып айтылған әрекеттерді орындау керектігін түсіндіреміз.
Мысалы: өтінемін, қол шапалақтайықшы; өтінемін, орындарыңда тұрып айналыңдар. Қимыл - әрекеттерді ойын ережесіне сәйкес орындайды.
Ұйымдастыру - іздестіру Жұмбақ
Жұмсақ, үлпілдек,
Түсі ақ, кейде қара.
Бұл не?
Сұрақтар қоямыз:
- Балалар, сендер жейтін нандар қандай болады?
«Нан дастарханға қалай келеді?» ойын
«Жерді жыртады, дән себеді, бидай орады, бидайды таратады, қамыр илейді» сөйлемдерін айтамыз. Балаларға сәйкес суреттерді табуды ұсынамын.
Сергіту жаттығуы
«Имитация» ойыны
Алақай, балақай,
Тоқаш пісірейік, балақай!
Қамырға тар тегене,
Қамыр көтерілді - 1,
Қамыр көтерілді - 2,
Қамыр үстелге түсті.
Үстелден жерге түсті,
Жерден домалап қашты.
Кері қай - та - ла - шы!
Тірек сызбамен жұмыс
Өлеңді тірек сызбаны көрсете отырып, айтып береді, қайталайды.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Нан туралы әңгімелеу:
- Балалар, өлеңде айтылғандай нанды шашуға болмайды, өйткені нан үстелге көп еңбектің арқасында келеді.
«Нан дастарқанға қалай келеді?» ойыны
«Нан дастарқанға қалай келеді?» бейнежазбасын көрсету.
«Аспазшы» ойыны
Балаларға тұзды қамырды (немесе ермексазды) беріп, нан өнімдерін жасауды ұсынамыз. Жұмбақты шешеді.

Ойланып, сұрақтарға жауап береді.

Карточкаларды тәрбиешінің айтуы бойынша қатарлап қояды.. 2рет өздері қатарлайды.
Өлеңнің сөзін қайталап отырып, қимылдар жасайды:
• Сұқ саусағымен шеңбер жүргізеді;
• Саусағымен сандарды көрсетеді;
• Жерге отырады,
• Жеңіл жүгіреді;
• Кері қайталайды.

Өлеңді тыңдап, тірек сызба бойынша қайталайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Бейнежазбаны қарайды

Тұзды қамырдан нан, тоқаш өнімдерін жасайды.
Рефлексивті түзетішілік
Көрме арқылы қорытындылаймыз.
Жақсы жақтарын айтып, мадақтаймыз. Жасаған өнімдерін көрмеге шығарады. Өз жұмыстарын тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Нанның қалай пайда болатынын.
Нені игерді Нан пісіру барысындағы іс - қимылдарды.
Нені біледі Нан түрлерін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×