Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қашар кентіндегі «№2 Қашар орта мектебі» КММ мектебіндегі
шағын орталық бөліміндегі «Балапан» тобында тәрбиешісі
Медетбаева Айгуль Давлетназаровна
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Орыс тілі», «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Овощи»
Мақсаты: Расширять и активизировать словарный запас словами, обоз начающими качество и цвет, связывать существительные с прилагательным.
Учить детей лепить из теста между ладонями огурцы и помидор.
Керекті құралдар: Көкөністер, көкөністердің суреттері, руль, муляждар, тақтайшалар, қамыр.
Қос - тілді компонент: Овощи - көкөністер, Алтын күз – Золотая осень, лук – жуа, сары – желтый, морковь - сәбіз, қызғылт сары - оранжевый, капуста - қырыққабат, жасыл - зеленый, помидор – қызанақ, қызыл – красный, огурцы – қияр, жасыл - зеленый.
Мотивациялық - қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберіне тұрып:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар қазір қай мезгіл? Күздегі ерекшеліктерді, Алтын күз – Золотая осень туралы түсінік беру, бақшадан жиналатын көкөністер жайлы айту. Көпірден өтіп, көкөністерді телевизордан көруге шақыру. Көкөністерді қазақ және орыс тілінде атау.
Ұйымдастыру - іздестіру
Есік қағылып, бөлмеге Алтын күз кіріп келеді.
Амандасып, балаларға қонаққа келгенін айтады.
Мен Алтын күзбін
Жайдарлы жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге - деп алып келген көкөністерін көрсете отырып өлең оқиды:
Шолып едім бақшаны,
Көкөніс біткен көңілді.
Жасыл, сары, қызыл
Сан алуан көкөніс.
- Мен сендерге өзіммен бірге көкөністерімді алып келдім.
- Я, принесла с собой овощи.
Балаларға көкөністерді бір - бірлеп таратып береді, таныстырады. Олардың пайдасын айтады.
- Балалар аналарың үйде көкөністерден не жасайды?
Ойын: «Қоймаға көкөністерді жинау»
Сәбіз бізде Айгерім болады.
Жуа бізде Гүлден.
Ал картоп Талант болады.
- Жүргізуші Мәди болады.
Көкөністерді қоймаға қалай жинап, апаратынын біледі екенсіңдер.
Қамыр терапия. Тестопластика
Балалардан қандай көкөністермен танысқандарын сұрау. Көкөністердің ішінде қазір салат жасап жеуге болатындарын еске түсіру. Қиярмен қызанақты қамырдан жасауға шақыру. Тәрбиешінің көрсетіп беруі. Балалардың жұмысы. Қиналған балаға жеке көмек көрсету.
- Қандай көкөністер жасадық?
- Қалай жасадыңдар?
Жарайсыңдар, балалар сендер не жасағандарыңды айтып бердіңдер. Келесі сабақта біздер бірлікте осы көкөністерімізді бояғышпен бояймыз.
- Айтыңдаршы, қиярды қандай түспен бояймыз?
- Қиярды кім маған көрсетеді?
- Қызанақты ше?
Балалар, сендер қиярмен қызанақты әдемі жасадыңдар.
Ендеше мен сендерді көкөністерімнен дәм татуға шақырамын.
Сергіту сәті:
Көк аспанға қараймын
Кеткен құсты санаймын
Үшбұрыш боп тырналар
Жылы жаққа оралар.
- Ал, енді менің сендермен қоштасатын уақытым келіп жетті. Келесі жылы кездескенше, сау болыңдар!
- До свидания, ребята!
Толық нұсқасын жүктеу
Көкөністер
- aiboll
- 7 наурыз 2016
- 17991
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көкөністер, ашық сабақ балабақша, күз мезгілі, алтын күз
Ұқсас жаңалықтар:
Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын)
Жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау,..."Жеміс-жидектер"
Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету....Көкөністер мен жемістерді сипаттау
Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы...«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.