Тақырыбы: «Күзгі бақта»
Білім саласы: «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Қатынас».
Білім бөлімі:Айналамен танысу, жапсыру, қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру, дене тәрбиесі.
Мақсаты: балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылай отырып, түсініктерін кеңейту, табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, өлеңдерді көркем әдеби тілде мәнерлеп айтқызу. Балаларды ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, жеміс - жидектер, көкөністер. Күзге арналған нақыл сөздер, түрлі жапырақтар, шарлар ілінген.
Тәрбиеші: Күз халқымның ежелден берекесі,
Жерде ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз бізде бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мейрамын,
Бүгін біздің топқа бірқатар келіпті. Қәнекей барлығымыз қонақтармен амандасайықшы.
Мотивациялық қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері:
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қайырлы таң, Көк - аспан,
Қайырлы таң, Жер - Ана.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Балалар мына менің қолымдағы күнді сендерге сыйлаймын. Күндей күліп, жайнап жадырап, жүре беріңдер.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Музыка ырғағымен Алдар көсе кіреді. Сәлеметсіз бе Алдар ата!. Сәлеметсіздер ме балалар. Біздің балалар өте ақылды, білімді. Алдар ата бізге қонаққа келген екенсіз ендеше біздің балаларымыздың білімін көріңіз. Ал, балалар ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізді бастаймыз. Балар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Күзгі бақта»
- Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Төртеу.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінің неше ай бар?
- Күз мезгілінде үш ай бар.
- Ендеше балалар, күздің үш айын атап беріңдерші?
- Қырқүйек, Қазан, Қараша.
Тыныштық сәті:
Өрік, алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп, ортақ түсіп,
Бөбектерім! Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады.
(Күз мезгілінде)
Өте тамаша! Балалар, сендер күз мезгілі туралы біледі екенсіңдер.
- Балалар барлығымыз жан - жағымызға қарайықшы біз қай жерде тұрамыз?
- Күзгі бақта
- Дұрыс айтасыңдар!
Тәрбиеші: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан - деп Абай атамыз айтқандай осы күз мерекесіне арналған қандай тақпақтар білесіңдер?
Арын: Құстар қайтты, күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гул солып,
Қыс ызғары басталды.
Нұрай: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденген халқымыз.
Абылай: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. М. Сабина: Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша,
Аунарма еді жатып ап.
Мұхамедияр: Алтын, сары жасыл, көк.
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Шерхан: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Айдархан: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гулдей жүріңдер.
Келіңдер күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Сания: Құстар қайтып күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп күз болып
Қыс ызғары басталды.
Абрам: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Сергіту сәті:
Жел үрлейді у - у - у
Құйын кетіп билейді зу - зу - зу
Қатты - қатты жел соқты гу - гу - гу
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду
Тәрбиеші: балалар күз мезгілінде тағы қандай құбылыстар өзгерістер болады?
- Күн салқындайды.
- Жаңбыр жауады.
- Жемістер - көкөністер, дәнді дақылдар піседі.
- Дұрыс айтасыңдар, күзде тынымсыз жұмыс басталады. Егін ору, бау - бақшада жеміс - жидектер мен көкөністерді жинау басталады.
Ойын: Көкөністер мен жемістерді өз себеттеріне шатастырмай жеке - жеке себетке салу.
Күзгі бақта күз байлығы көп екен.
Алмаларды жинау: 10 алманы жинап алып тура және кері санау.
Балалар еңбек туралы мақал - мәтелдер білесіңдер?
1 бала: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2 бала: Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
3 бала: Еңбек барлығын жеңбек.
Балалар енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдерші.
Жұмбақтар
Жауап жаңбыр, Жазда тұрып жоғары
Жер сабыр Күзде жерге түседі. (Жапырақ)
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады. (Күзде)
Қияр, сәбіз, қызанақ, картоп, қызылша, бір сөзбен қалай аталады.? (Көкөністер)
Алма, алша, банан, жүзім, анар бір сөзбен қалай айтамыз? (Жемістер)
Жемістермен көкөністерді жуып жеу керек.
Алдар ата сіз қандай ойындарды білесіз? Мен кішкентай кезімде; «Кім жылдам?» ойынын көп ойнайтын едім. Кәне бәріміз бірігіп ойнайықшы. Рахмет!
Ал, балалар менің қайтатын уақытым болды. Қош сау болыңыздар!
Балалар біздің бақтан, балабақшаға оралатын уақытымыз болып қалыпты. Барлығымыз бақша шеберханасына барып, осы бақтан жинаған жеміс - жидектер мен көкөністерімізді, әдемі етіп жасап көрейікші.
Қәнекей балалар жайғасып отырып, әр қайсымыз өз жұмысымызды бастаймыз.
Ұжымдық жұмыс
Жетекші жөндеуші:
Жұмыстарды тақтаға іліп, бағалау, мадақтау.
Қорытынды шығару, жеке - жеке балалардан өз пікірлерін сұрау.
Күзгі бақта
- Jani
- 1 қазан 2015
- 13965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алтын күз, жемістер мен көкөністер, ұжымдық жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
Жемістер
Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында...Алтын күз
Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы...Берекелі - алтын күз
Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы "Жауқазын"мектепке дейінгі бөбекжайының тәрбиешісі Сапашева Гулжанат Нұрланқызы...«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Арайлы алтын күз
Қызыл, сары, алтын көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жадырап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.